Қазақстан • 27 Маусым, 2017

Турнир жеңімпаздары анықталды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен сенбі күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Астанадағы «Зодиак» бильярд клубында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған дәстүрлі турнир өз мәресіне жетті.

Турнир жеңімпаздары анықталды

Биыл жетінші рет өткі­зіліп отырған шараны ЕҰУ кәсіподақ комитетінің төр­ағасы Талғатбек Жанайдаров, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, ақын Ұлықбек Есдәулет, белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп және профессор-ғалым На­мазалы Омашев құттықтау сөзбен ашып, жарысқа қаты­сушыларға сәттілік тіледі.

Жылдағы дәстүр бойынша жарысқа қатысушылар алпыс жас­тан асқан қаламгерлер және алпыс жасқа дейінгі жур­налистер мен БАҚ са­ласының қызметкерлері болып екі топқа бөлінді. Нә­тижесінде алпыс жастан асқандар арасынан І орынды ЕҰУ оқытушысы, заң ғы­лымдарының докторы, профессор Жұмабек Бұсыр­ма­нов иеленсе, ІІ орын­ды Қа­зақ радиосының ардагер журналисі Ғалым Есенсариев алды. ІІІ орын белгілі тележурналист Нұртілеу Иман­ғалиұлына бұйырды.

Алпыс жасқа дейінгілер арасындағы екінші топтан бірінші орынды көрнекті фотограф Шүкір Шахай жеңіп алса, екінші орынды танымал журналист Серік Жанболат, үшінші орынды Нұрділда Ораз иеленді. Сондай-ақ, ерекше ойындарымен көзге түскен Несіп Жүнісбай, Ұлықбек Есдәулет, Ғалым Омархан жеңіске деген ұмтылыстары үшін марапатталды.

Турнир соңында ұйым­дастыру алқасы барлық қаты­сушыларға алғыс айтып, естелік суретке түсті. Осын­­дай шаралар арқылы әр қазақ­тың жадында Ақселеу Сей­дімбектей арда азамат әрдайым сақталары сөзсіз.

«Егемен-ақпарат»

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024