Қазақстан • 27 Маусым, 2017

Балалар Бектау ата баурайында демалады

172 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы жаз Ақтоғай ауда­­нының өрендері үшін жағымды жаңалықпен бас­талды. Балалардың жаз­ғы демалысын тиімді ұйым­дастыру мақсатында Бектау ата шат­қалында орналасқан «Фа­кел» балаларды сауық­тыру лагері қайтадан іске қосылды.

Балалар Бектау ата баурайында демалады

Демалыс орны өз жұмысын 12 маусымнан бастады. Жоспар бойынша, әрқайсысында 200 бала демалатын төрт ауысымда жаз бойы 800 жеткіншек қамтылмақ. Әр ауысымның ұзақтығы – 15 күн. Лагерьге аз қамтылған, көп балалы, асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары және үздік оқушылар тартылуда.

– Тоғыз ай уақытын мектепте өткізген оқушылар үшін жазғы демалыс мезгілі би­ыл ерекше болмақ, – дейді демалыс орнының ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі С.Әбеуова. – Демалыс уақытының тиімді өтуі, ең алдымен, оның жұ­мысының жүйелілігіне байланысты. Балалардың жазғы демалыс уақытында жақсы сауығып қайтуына лагерьде барлық жағдай жасалған. «Факел» жазғы лагерінде балалар демалып қана қоймай, күн сайын саяхаттар жасап, тренингтер мен ойындар, әртүрлі кештер мен сайыстар өткізеді.

Биыл лагерьде Ақтоғай ауданына қарасты 17 елді мекеннің 7-15 жас аралы­ғындағы балалары тынығады. Осы игі бастаманы қолға алған облыстық мәслихат депутаты Айман Бекболатқызына және Шашубай кенті «Мектеп-балабақша кешені» ұжымына, аудандық білім бөліміне көп­шіліктің ризашылығы зор.

– Бірнеше жыл бұрын Балқаш кен-металлургия ком­­­би­натының өндірістік жұмыс бағыты халықаралық стан­дартқа көшкен еді. Стан­дартқа сай кәсіпорын тек қана өндіріс бағытында жұмыс жасай бастады. Сон­дық­тан бұрын «Қазақмыс» корпорациясы айналысып келген әлеуметтік қолдау бағы­тын­дағы жұмыстар мен ны­сандардың барлығы мемлекетке, яғни жергілікті басқару органдарының құзырына өт­кен болатын, – дейді облыс­тық мәслихаттың депутаты Айман Бекболатқызы. – Олардың қа­та­рында осы «Факел» сауық­тыру лагері де бар. Төрт жыл бұрын облыстық мәсли­хат­тың комиссия отырысында аталған ғимараттарды сақ­тап қалу мәселесін көтеріп, де­пу­таттық жұмысымның ба­ры­с­ында бақылауға алған бо­латынмын. Қолымызға тиген лагерьді қайта қалпына келтіруде қиындықтар болды. Қажетті қаржы көзін облыс әкімінен сұрадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024