Аймақтар • 27 Маусым, 2017

Солтүстік Қазақстан университетінің бұрынғы ректоры қызметіне қайта оралды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бұрынғы ректоры Оңдасын Әшімов қызметін қайта жалғастыратын болды. 

Солтүстік Қазақстан университетінің бұрынғы ректоры қызметіне қайта оралды

Университеттің кеңейтілген ғылыми кеңесінде Білім және ғылым  министрлігі заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрсейіт Байжанов осылай мәлімдеді.

Ведомство басшылығының мұндай қадамға баруына Оңдасын Бәйкенұлы еңбек шартының біржақты бұзу туралы шешімге келіспей сотқа жүгінген.  Бірінші және екінші сот инстанцияларында оның шағымы қанағаттандырылған.

Осы аралықта конкурс жарияланып, университеттің жаңа ректорына Серік Өмірбаев тағайындалған. Жоғары сот министрліктің талап арызын заңсыз деп тауып, О. Әшімовті бұрынғы қызметіне қайта тағайындау туралы шешім шығарған.

Білім және ғылым министрлігі тарапынан кеткен ағаттық осылай түзетілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»