Әділет министрі М. Бекетаевтың айтуынша, түзетулер заңнаманы ізгілендіруге бағытталған және әкімшілік құқық бұзушылықты жазалау шараларын жеңілдететін нормалардан тұрады. Заң жобасы бойынша БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ өңірлік семинарлар мен қоғамдық тыңдаулар кезінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара қорытындысы бойынша заң жобасы қабылданып, ҚР Парламентіне қарауға жіберілді.