Қаржы министрінің айтуынша, осы салаға жауапты мекемелердің бірлесе отырып жүргізген талдау жұмысы оң әсерін берген.
«Бұл қадам кедендік бақылау кезіндегі субъектілерді тиімді түрде таңдауға мүмкіндік берді. Осының арқасында бүгінгі күні кеден бақылауының тиімділігі екі есеге артып отыр. Қазіргі уақытта 36-дан 16 пайызға дейін төмендегенімен, тауар айналымына қатысты кедендік бақылауды 5,6 пайызға дейінгі көрсеткішке жеткізуді жоспарлап отырмыз», деді Қаржы министрі.
Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов кедендік рәсімдерді оңтайлату бағытында жұмыс жүргізіліп, «Арис» бағдарламасы арқылы бизнес-процестер жеңілдетіліп жатқанын тілге тиек етті.
Еске сала кетсек, бүгін ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуін өткізуде.