Аймақтар • 27 Маусым, 2017

Сыр өңірінде әлеуметтік көмек алушылар саны 14 мың адамға азайды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Қызылорда облысында жергілікті бюджеттен 51318 аз қамтамасыз етілген азаматқа 475,6 млн теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сыр өңірінде әлеуметтік көмек алушылар саны 14 мың адамға азайды

- 2017 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 37,8 млн теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 389 адамға 4,6 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 140 адамға азайды. Ал, тұрғын үй көмегін көрсетуге биыл 366,9 млн теңге қаражат бөлініп, есепті кезеңге 6921 отбасына 174,0 млн теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй көмегін алатындардың саны 286 отбасына кеміп отыр.  Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 1204,0 млн теңге бөлінген. Есепті кезеңге 44008 балаға 297,1 млн теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жәрдемақы алушылардың саны 14253 балаға азайды, - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Есқараева.  

Айта кетейік, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі "Сыр мейірімі" жобасы аясында күнделікті 225 адамға  түскі ас беріледі. Оған қазынадан 5 млн теңге бөлінген.