Е. Сағдиев Алматы зооветеринар институтын, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Қостанай мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасында зоотехник болып бастаған. 1988-1992 жылдар аралығында кеңшарға , 2003 жылға дейін коммерциялық кәсіпорынға жетекшілік еткен. 2015 жылға дейін Ақмола облысындағы Зеренді, Атбасар, Сандықтау аудандарының әкімі болған.
Бүгінге дейін Шал ақын ауданы әкімі қызметін атқарып келген.
Шал ақын ауданының әкімі болып Нұрлан Орынбасарұлы Есімов тағайындалды.
Н. Есімов 1983 жылы Тараз қаласында туған.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, Ұлыбританиядағы Данди университетін бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2005 жылы «Теміржолжылу» АҚ-ның нормативтік-құқықтық бөлімінде жетекші маман болып бастаған.
Әр жылдары Бас прокуратурада, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-да, Әділет министрлігінде қызмет атқарған.
Осы уақытқа дейін Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдық – аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымында болған.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»