05 Қазан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1089

427 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 23 қыркүйек,   Астана, Үкімет Үйі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы  1 наурыздағы № 145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 152-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                 К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1089 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Р/с №    Тауардың атауы 1    Бірінші сортты бидай ұны 2    Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны 3    Макарон өнімдері: вермишель, рожки, кеспе 4    Жармалар: қарақұмық, сұлы, ұнтақ, арпа және тары 5    Тазартылған күріш 6    Картоп 7    Жаңа піскен көкөністер: асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, асханалық қызылша 8    Ақ қант – құмшекер 9    Өсімдік майы – күнбағыс майы 10    Ет: сиыр еті (жауырын-төс бөлігі), қой еті сүйектерімен, тауық еті, тауық саны 11    Сүт: пастерленген, майлылығы 2,5 % және 3,2 % 12    Айран: майлылығы 2,5 % және 3,2 % 13    Сүзбе: майлылығы 5-9% 14    Мәйекті қатты ірімшік 15    Сары май: - тұздалмаған, майлылығы 72,5% кем емес, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ; - өсімдік-сары, сүт майы 49 % дейін (спрэд) 16    І-ІІ санатты тауық жұмыртқасы 17    Ac тұзы («Экстра»-дан басқа) 18    Шай – қара, түйіршіктелген