Қазақстан • 27 Маусым, 2017

ҰБТ-ның жетінші күні 2034 талапкер қатысты

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылдың 26 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген 2050 талапкердің 2034-і (99,2%) қатысты. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлайды.

ҰБТ-ның жетінші күні 2034 талапкер қатысты

Оның ішінде қазақ тілінде - 1820, орыс тілінде - 214 адам сыннан өтті. Ұлттық бірыңғай тестілеу 3 ҰБТ өткізу пунктінде жүргізілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жетінші күнінде 3629 тыйым салынған зат алынды. Орташа балл - 76,56. Биыл ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92 827 талапкер тапсырады, оның ішінде: 69 209 - қазақ тілінде және 23 618 - орыс тілінде.