Бокс • 27 Маусым, 2017

Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы белгілі болды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды sports.kz.

Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы келесі кездесуін аргентиналық Бруно Леонардомен өткізбек. Жекпе-жек 21 шілдеде АҚШ-та өтетін болды.

Аргентиналық боксшы бүгінге дейін шаршы алаңда 25 кездесу өткізіп, оның 21-інде жеңіске жетсе, 18 кездесуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан. Соңғы рет ол 2015 жылдың мамыр айында Райан Янгтен ұпай бойынша есе жіберген. Сол уақыттан бері ол 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Аргентиналық боксшы соңғы рет 2017 жылдың 14 мамырында отандасы Мартина Алехандро Куроскимен күш сынасып, жетінші раундта нокаутпен жеңді. Ал Жанқош Тұраров соңғы рет осы жылдың мамыр айында мексикалық Густаво Гарибайды үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан.

Айта кетейік, Жаңқош Доминикан елінде тоғыз, АҚШ-та алты кездесу өткізіп үлгерді. Жерлесіміз бокс әлемінде өзін біршама мойындатып келеді.