Үкімет • 27 Маусым, 2017

Туристік саланы дамыту тұжырымдамасы Қазақстанның ІЖӨ құрылымындағы туризм үлесін арттырады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов Туристік саланы дамытудың 2023 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасын іске асырудың мақсаттары мен құралдары туралы айтты.

Туристік саланы дамыту тұжырымдамасы Қазақстанның ІЖӨ құрылымындағы туризм үлесін арттырады

А. Баталовтың айтуынша, туризмнің олимпиада жолына шығуына байланысты сала алдында ІЖӨ құрылымындағы туризм үлесін 2025 жылға қарай 8%-ға дейін арттыру және елімізге келушілер туризмінің 100-пайыздық өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр.

«Әдеттегідей, туроператорлардың 95% бүгінде тек сыртқа шығу туризміне бағытталған. Туроператорлар құзыретті органдармен бірге Қазақстанды ішкі, сондай-ақ сыртқа шығушы туристерді де тартуы тиіс жер ретінде айқындауы керек. Осыны ескере отырып, Туристік саланы дамыту тұжырымдамасының алдыңғы нұсқасы жаңартылды», – деді А. Баталов.

Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі құралы Іс-шаралар жоспары болмақ. Жобалық басқару аясында нақты индикаторлар белгіленген, оларға сәйкес еңбек өнімділігі жыл сайын 4-5%-ға, халықтың жұмыспен қамтылуы – 5%-ға ұлғайып отырады. Бұл, А. Баталовтың пікірінше, Қазақстан экономикасы құрылымындағы туризм үлесін арттыруға мүмкіндік береді.