Қазақстан • 27 Маусым, 2017

Журналист сұрағына уақытылы жауап бермеген мемқызметкер жұмыстан босатылуы мүмкін

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Журналист сауалына уақытында жауап бермегендер жұмыстан босатылады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлады 24.kz.

Журналист сұрағына уақытылы жауап бермеген мемқызметкер жұмыстан босатылуы мүмкін

Ведомство басшысы Парламентте БАҚ туралы заң жобасын таныстырды. Құжатқа сәйкес, тілші тарапынан сауал алған қандай да бір орган 2 тәулік ішінде жауап беруге міндеттеледі. Ал жаңа көтерілген мәселе бойынша қойылған сұрақтар 15 күнге дейін қарастырылуы мүмкін. Дәурен Абаевтың айтуынша, мұндай шешім БАҚ өкілдерін сапалы әрі толыққанды ақпаратпен қамтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, алдағы уақытта әрбір органда БАҚ өкілдерімен тығыз жұмыс жүргізетін қызметкер болады.

- Көптеген ведомство мамандары журналистердің жіберген сұрақтарын жауапсыз қалдырады. Ал келген жауаптары сын көтермейді. Тілшілер бұған наразы. Бұдан былай мұндай тұлғаларға заңды шешім қабылданып, тіпті жұмысынан босату туралы шараларды қарастыруға тура келеді, - деді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.