1989 жылы өнертану ғылымының кандидаты, 1999 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1971 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік кинематография институтының кинотану факультетін бітірген. 1981 – 1985 жылдары Қазақстан Кинематографияшылар одағы басқармасының хатшысы болған. 1993 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясында 2000 жылдан профессор, 2001 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Ол қазақ мультипликациялық кино саласын («Ертегілерге тіл біткенде». Қазақстанның мультипликациялық киносы, 1984), сондай-ақ кино өнерінің көкейкесті мәселелерін («Қазақстан киносы», 1998) зерттеумен шұғылданды.
Белгілі кинотанушы «Егемен Қазақстан» газетіне де сүбелі мақалалар жариялап тұратын авторларының бірі болды. Бас басылымның ұжымы марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.