Қазақстан • 29 Маусым, 2017

Бағындырған белестерден – баянды болашаққа

268 рет
көрсетілді
20 мин
оқу үшін

Ерекше уақыт – Қазақстан мемлекеттілігінің өркен­деуі ке­зе­ңінд­е өмір сүріп, еңбек еткен біздің замандастар бақытты. Мем­ле­кеттіліктің жоғары мүд­десіне отандық сырт­қы сая­сат то­лықтай ба­ғы­ныш­ты. Президент Нұр­сұл­тан Назарбаевтың жа­­һан­дық дипломатиясы шы­найы Тәуелсіз ел­дің ма­ңызды ат­ри­­буты ға­на емес, оның қауіп­сіз­­ді­гінің, дамуының жә­не игі­­лі­гі­­нің, сондай-ақ, ха­лық­­­аралық бірлік пен ын­ты­­мақтастықты ны­ғай­ту­дың негізгі құралы.

Бағындырған белестерден – баянды болашаққа

Бәрі тақыр жерден басталды

25 жыл бұрын, 1992 жылғы 2 шілдеде Мемлекет басшысы «Қа­зақ­стан Республикасының Сырт­қы істер министрлігі туралы», «Қа­зақстан Республикасының ел­ші­лігі туралы» және «Қазақстан Рес­­публикасының төтенше жә­не өкі­летті елшісінің негізгі мін­дет­те­рі мен құқықтары туралы» ере­же­лерді бекіткен бірнеше Жарлық қабылдады. Осылайша толыққанды Сыртқы істер министрлігі – дипло­ма­тия­лық қызметтің орталық органы құрылды.

Ресми түрде Қазақ КСР Сырт­қы істер министрлігі 1944 жылдан бері бар, Біріккен Ұлттар Ұй­­ымы құрылар қарсаңда Кеңес өкі­­меті Одақтық рес­публикалар есе­­бінен жаңа жаһандық ұйым құ­ра­­мында «тәуелсіз» орындарды көп­­теп иемденуді мақсат тұтты. Нә­тижесінде БҰҰ-ға КСРО-дан соғыстан мейлінше зардап шеккен кеңестік республикалар ретінде Украина мен Беларусь кірді. Саны жа­ғынан аз Қазақ КСР Сыртқы іс­тер министрлігінің қызметі не­гі­зінен хаттамалық функциялармен жә­не республикамыздың шетел­дер­­мен белгілі бір деңгейдегі мә­де­ни байланыстарымен шектелді. Толыққанды дипломатия кеңестік республиканың атрибуты бола алмады.

Дегенмен, Қазақстанның сырт­қы саясат ведомствосы кезеңі туралы айтқанда, Қазақ КСР Сыртқы іс­тер министрлігінің 1944 жылдан бастап тәуелсіздік алғанға дей­ін­гі барлық басшыларына лай­ық­ты бағасын беруіміз керек. Олар еліміздің көрнекті мемлекет қай­рат­керлері және халқымыз зия­лы­ла­рының жарқын өкілдері болды. Атап өтсек, Төлеген Тәжібаев, Қай­ырғали Байғалиев, Асқар За­ка­рин, Өтешқали Атамбаев, Әди Шә­ріпов, Балжан Бөлтірікова, 

Мә­лік Фазылов, Мүсілім Базарбаев, Ми­хаил Есенәлиев. Олар Кеңес Ода­ғының сыртқы қатынасында біз­дің республикамызды лайықты дең­гейде көрсете білді, шетелдік ірі делегацияларды қабылдап, БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен сөз сөйледі.

Алайда, Қазақстан 1991 жы­л­­ғы 16 желтоқсанда, мем­ле­­­­кет­тік тәу­елсіздігіміз жа­рия­­лан­­­ған­нан кей­ін ғана ха­лық­ара­­­лық қа­ты­нас­тардың то­лық­қан­­­ды қа­ты­су­шы­сына айнал­ды. Сон­дық­тан 1992 жыл­ғы 2 шіл­де­­дегі жар­лықтар Сы­р­т­қы іс­тер ми­ни­стрлігін инс­ти­­тут­­тан­ды­­рудың, Қазақстанның бү­­­кіл әлем бой­ынша дипло­ма­тия­­­лық ин­фра­құ­ры­лымын қа­лып­­­тас­тырудың қа­жетті іргетасы бол­­­­ды. Дәл осы кез­де Сыртқы іс­­­­­тер министрлігіне Қазақстан Рес­­­­публикасының мемлекеттік бас­­­­қару орталық органдарының ха­­­­лық­аралық қызметін үйлестіру рө­­лі жүктелді. 

Айқын міндеттер қойылған да осы кез еді. Нақтылай түссек, ведом­ствоға мақұлданған халық­ара­лық құқық нормаларына сәйкес бар­лық шет мемлекеттермен тең құ­­қылы қарым-қатынастарды дамы­ту, Қазақстан Республикасын жан-жақты ілгерілету үшін бейбіт жағдай қалыптастыру, елдің сауда-эко­номикалық саясатын жүзеге асыруға, әлемдік шаруашылық бай­­­ланыстарға қатысуына жәр­дем­де­су, шетелдерден капитал тарту си­­яқты міндеттер жүктелді.

Президент жаңа Сыртқы іс­тер министрлігінің негізгі фун­­к­цияларын анықтады, оның ең ма­ңыздылары «еге­мен­дікті қор­ғаудың дип­ло­матиялық құ­рал­дарымен жә­­не әдістерімен қам­тамасыз ету, аумақтық тұ­тас­тық­ты, Қа­зақ­стан Рес­публикасы ше­ка­ра­сының қау­іп­сіздігі мен қол сұ­ғы­л­мау­шы­лығын, халықаралық аре­на­да­ғы мүддесін қамтамасыз ету». Қа­зақстан өзінің Сыртқы істер ми­ни­стрлігі арқылы шетелдердегі аза­­маттарымыз бен заңды тұл­ға­­­­ларымыздың құқықтары мен мүд­делерін өз бетінше қорғауға кі­­рісті. Меншікті консулдық қыз­мет құрылды, хаттамалық жә­не ақпараттық-талдамалық қыз­меттің рөлі жылдам артты, шарт­тық-құқықтық салада үлкен жұ­мыс басталды. Ведомствоның жұ­­­­мысы регламенттелді. Сырт­қы іс­тер министрлігі жүйесі құ­рыл­­­ды, оған орталық аппарат, ве­­­дом­ство­­лық бағынысты ме­ке­­­ме­лер мен ел аумағындағы ұйым­дар, дип­­ломатиялық өкіл­діктер, шет­ел­­дердегі жә­не БҰҰ-ға қа­ты­су­шы мем­­ле­кет­тердегі кон­сул­дық ме­ке­ме­­л­ер, ха­лық­ара­лық ұй­ым­дар жа­нын­да­ғы тұ­рақты өкіл­дік­­тер кірді. Жар­лық ал­ғаш рет тәу­­елсіз Қа­зақ­стан­ның ат­ташеден бас­­тап тө­тен­ше жә­не өкі­лет­ті ел­шіге дей­інгі дип­ло­ма­тия­лық дәрежесін бел­гі­леді.

Еш кідіріссіз шешім қабыл­дау­ды талап ететін ең маңызды мә­­се­ле – кадр мәселесі болды. Ол Пре­зиденттің ерекше назарында еді. Сыртқы істер министрлігіне жұ­­мыс­қа кеңестік СІМ жүйесінде қыз­­­мет еткен қазақстандықтар (олар тым аз еді), сонымен қатар, шет тілдерін білетін Қазақстан ЖОО-ларының түлектері тартыл­ды. Қазақстан Сыртқы істер ми­ни­стр­­лігіне жұмысқа осы мақаланың ав­торы да дәл солай алынды.

Осылайша ширек ғасыр бұрын сыртқы саясат саласындағы жұмыс та­қыр жерден басталған еді. Ал дип­ломатиялық қызметті жаңа, күн­­де өзгеріп жатқан құбылмалы әлем­­де жас мемлекетке лайықты орын қамтамасыз етерліктей тұр­ғы­да құру керек болды.

Сыртқы саясатта атқарылған жұмыс көп

Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы кү­нінен бастап халықтың шына­йы хал-жағдайын ескеріп, жас мем­ле­кеттің халықаралық ба­­ғы­тының не­гізгі өзегін көре біл­ді. Тұрақты да­му, ядролық қа­ру­сыздану және оны таратпау, экономикалық интег­рация, өркениет үнқатысуы, бі­­т­ім­гершілік, адам құқығы, тран­с­ұлт­тық сын-тегеуріндерге және қа­­тер­лерге қарсы күрес – осының барлығы жаһандық дискурстың негізгі бағыттары еді, нәтижесінде Қазақстан 25 жылдан кейін өзін ха­лықаралық қарым-қатынастар жүйе­сіне ықпалды қатысушы ре­тінде танытты.

Сыртқы саясат өзінің негізгі мақ­саты еліміздің ұлттық қауіп­сіз­­дігін, қорғаныс қабілетін, еге­мен­дігін және аумақтық тұтас­ты­ғын жан-жақты қамтамасыз ету деп бі­леді. Қазақстан Біріккен Ұлт­тар Ұй­ымының орталық және үй­лес­ті­ру­ші рөліндегі жұмысын әділ жә­не демократиялық әлемдік тәртіп орнатуға бағыттауынан көреді. Елі­­мізді өңірлік және халықаралық сау­да-экономикалық қатынастар жүйесіне біріктіру, ұлттық эко­но­микаға инвестициялар мен тех­но­­­логиялар тарту, шетелдерде Қа­­зақстан азаматтары мен заңды тұл­­­ғаларының құқықтарын қорғау, қа­зақ диаспорасы мен қазақ тілін қол­дау мәселелері үнемі отандық дип­ломатияның назарында. 

Қазақстан көршілес елдермен де, шалғайдағы елдермен де дос­тық, өзара тиімді қатынас жа­сай ал­ды. 182 мемлекетпен дип­ло­ма­тия­лық қатынас орнатылды.

Бүкіл шекаралас елдер – Ре­сей­мен, Қытаймен, Қыр­ғыз­стан­мен, Өзбекстанмен және Түрік­мен­станмен жасалған шекараны межелеу туралы, сондай-ақ, Ре­сей, Әзербайжан және Түрік­мен­­стан елдерімен Каспий те­ңі­зінің түбін бөлу туралы екі­жақ­ты шарттарда Қазақстан ше­ка­ра­сы мызғымастығының қа­ғи­­да­сы бекітілді. Көршілес ел­дер­­­мен тұ­рақты әрі болжамды қа­­­­ты­нас жа­сау газ және мұнай құ­­­быр­ла­ры­ның тармақталған же­лісін, транс­кон­тиненталдық авто­мо­биль және те­мір жолдарын қа­лып­қа келтіріп, Еу­разиялық эко­но­ми­ка­лық одақ жә­не «Бір белдеу, бір жол» си­яқ­ты тереңдетілген ин­тег­­ра­ция мен кооперация жобала­ры елі­міз­дің транзиттік-көліктік әлеу­етін дамытуға көмектесті.

Елбасы Кеңес өкіметі кезінің өзінде Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы тарихи шешім қабылдап, оның нәтижесінде еліміз дү­ние жүзіндегі қуаты бойынша төр­тінші орындағы ракеталық-ядро­лық арсеналдан бас тартты. Бұл шешімдер Қазақстанның яд­ролық қарусыз бейбіт өмір үшін кү­реске күш салуына негіз болды. 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бе­кіткен Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға бірдей дек­ларация; Орталық Азияда яд­ро­лық қарудан азат аймақ құру; Ядролық сынақтарға қарсы іс-қи­мылдың халықаралық күнін жария­лау, ядролық қаруды сынауға қар­сы бағытталған АТОМ (Abolish Testing, Our Mission – Біздің мін­де­ті­міз – сынақты тоқтату) жобасын шығару; Қазақстан аумағында тө­мен байытылған уранды бейбіт мақ­сатта пайдалану үшін әлемдегі алғашқы төмен байытылған уран банкін құру (АЭХА ТБУБ) сияқты Қазақстан ұсынған маңызды бас­тамалар елімізді әлемге ядролық қаруды жою және оны таратпау са­ласындағы көшбасшы ретінде танытты.

Бүгін біз БҰҰ-ға жай ғана мү­ше­лік туралы емес, белсенді түрде ғаламдық деңгейдегі күрделі саяси про­цестерге басшылық жасауға қа­тысып тұрғанымыз туралы айтып отырмыз. 2016 жылдың маусым айында Бас Ассамблея басым көп­ші­л­ік дауыспен Қазақстанды БҰҰ Қау­іпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жыл­дарға тұрақты емес мүшесі етіп сайлады, бұл Мемлекет бас­шы­сының халықаралық қау­іп­с­із­дікке, ынтымақтастыққа және оның дамуына қосқан үлесінің ай­қын дәлелі болып табылады. ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­­­сін өткізу және оның аясында «Бо­лашақтың энергиясы» Жа­сыл тех­­нология мен инвестиция­лар ха­лық­аралық орталығын құ­ру Қа­зақ­станның мыңжылдық мақ­сат­та­рды жаһандық және аймақтық дең­гей­де іске асыруға қосқан нақты үлесі болады.

Бейбіт қатар өмір сүру қа­ғи­­да­с­ын ұстана отырып, Н.Назар­ба­ев 1992 жылы БҰҰ Бас Ассам­б­лея­сы 47-ші сессиясының мін­берінен ал­ғашқы табыс­ты жалпыазиялық қау­іпсіз­дік жүйесін құру бастама­сын – Азиядағы өзара іс-қимыл жә­не сенім шаралары жөніндегі ке­ңес шақыру туралы бастама ұсы­н­ды. Қазақстан Ұжымдық қау­іп­сіз­дік туралы шартқа қол қойған ал­­ғашқы алты елдің бірі болды, ке­й­ін ол қатысушы елдерді сыртқы қау­­іп­терден қорғауға тартылған Ұж­ым­дық қауіпсіздік туралы шарт ұй­ымын (ҰҚШҰ) құруға негіз қа­лады.

2010 жылы Қазақстан Еуро­па­­­дағы қауіпсіздік және ынты­мақ­­­­тастық ұйымына (ЕҚЫҰ) тө­­­­­рағалық жасап, Ұйымның жа­у­­­ап­­­­кершілігі аясындағы күр­­де­лі мәселелерді шешуде, оның ішін­­­­де Қырғызстандағы аса те­рең саяси дағдарысты рет­теу­де же­­текшілік рөл атқарды. ХХІ ға­­сырда Астана қаласында ал­­ғаш және әзірше жалғыз рет өт­кен ЕҚЫҰ Саммиті Астана дек­­ла­рациясын қабылдаумен та­рих­қа енді, онда ЕҚЫҰ-дағы өзара қа­рым-қатынастардың жа­ңа дең­гей­ін көздейтін «еркін, ор­тақ және бө­лінбейтін Еуро-Ат­лан­тикалық және Еуразиялық қау­іп­­сіз­дік қо­ғам­дастығы» түсінігі ен­гізілді. 

Мұсылман елдерінде болып жат­қан күрделі геосаяси және ға­ламдық сын-қатерлер мен саяси өзгерістер жағдайында Ислам Ын­тымақтастығы Ұйымында (ИЫҰ) төрағалық ету де отандық дип­­ломатияның тарихындағы ма­ңыз­ды оқиғалардың бірі болды. Еліміз Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ислам ұйымын құруға бастама жасады. Қазақстан ислам әлемінде білім беру жүйесін дамыту және ғылыми-технологиялық тұрғыдан жетілдіру бүгінгі күні ислам әлемінің қауіпсіздігіне төн­ген қатерлерге қарсы тұрудың не­ғұр­лым тиімді тәсілі деп санайды. Сон­­дықтан 2017 жылдың 10-11 қыр­­күйегінде Астанада алғаш рет ИЫҰ-ның Ғылым және технология­лар жөніндегі саммитін өткізуді жос­­парлау маңызды факт болып та­былады.

Қазақстан төраға ретінде өз қыз­метін үш рет табысты жүзеге асырған тағы бір ұйым – Шанхай ын­тымақтастық ұйымы (ШЫҰ). Осы жылдың маусымында мемле­кеттер басшыларының саммиті та­быспен өтті, онда Үндістан мен Пәкістан Ұйымға толық құ­қық­ты мүше мемлекеттер ретінде қа­был­данды. Беделді әрі әділ саяси бітістіруші ретінде Қазақстан Пре­­зиденті Украина бойынша кон­сультацияларды жолға қою­да шешуші рөл атқарды, олар Ми­н­ск келісімдеріне әкелді. Н.На­зар­­баевтың Ресей мен Түр­кия ара­сын жақындатудағы нә­ти­же­лі рөлін президенттер В.Путин мен Р.Ердоған жоғары бағалады. Қа­зақстан Иранның ядролық бағ­дар­ламасы бойынша екі мәрте н­ә­ти­желі келіссөз ұйымдастырды. 2017 жылы БҰҰ-ның және кеп­іл­гер-елдердің қолдауымен Ас­тана өзін Сирия жанжалына тар­тыл­ғандар үшін келіссөз жүр­гізу ала­ңы ретінде көрсетті. Жыл­дың бі­рінші жартысында өт­кі­зіл­г­ен Астана процесінің бір­не­ше рау­­нды Сириядағы соғыс әре­­кет­те­рін тоқтату тәртібін қол­дау­­ға ма­ңызды үлес қосты және БҰҰ қам­­қорлығымен Женева про­це­сі­нің қайта жаңғыруына кө­мек­тесті. 

Қазақстанның 2015 жылы Дү­ние­жүзілік сауда ұйымына кіруі елі­міздің әлемдік экономика жүйесімен бірігуінің шарықтау шегі болды.

Бүгінгі күні Астана «Бо­ла­шақ­тың энергиясы» та­қырыбында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 ха­лық­­аралық мамандандырылған кө­р­месіне қатысушыларды қа­был­­дап жатыр. 115 ел және 22 ха­лық­ара­лық ұйымның қа­ты­­суы­мен өтіп жат­қан бұл көрме үз­дік «жа­сыл» тех­нологияларды ғана емес, со­ны­мен бірге, көп­теген мә­де­ниет пен халықты бір ша­ңырақ ас­тына жи­наған ірі оқи­ға­ға айналып отыр.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақ­стан көмек реципиентінен оның донорына айналды. Мұнда KazAID брендімен іске асырылатын дамуға ресми көмек ұлттық бағ­дарламасын іске қосу ерекше орын алады. Қазірдің өзінде осы бағ­дарлама негізінде Ауғанстанға жә­не Орталық Азиядағы көршілес мем­лекеттерге олардың тұрақты да­му мақсатын іске асыру үшін, я­ғ­ни ресурстық және институттық әлеу­етін нығайтуға жүйелі түрде кө­мек көрсетіліп келеді.

Астанада әр үш жылда өткі­зі­ле­тін Әлемдік және дәстүрлі дін­дер лидерлерінің съезі өркениет үн­қа­тысуына салмақты үлес қосып ке­­леді, сонымен қатар, ел ішіндегі дін­­аралық келісімдерге қосымша ті­­рек ретінде қызмет етеді, діннің бей­­­бітшіл мәнін түсіндіруге кө­мек­теседі.

Мемлекеттің сыртқы саяса­тын­­да парламенттік дипломатия ма­­­ңызды рөл атқарады. Халық қа­ла­у­­лыларының Мемлекет бас­шы­сы­ның сыртқы саяси бастамаларын жү­зеге асырудағы үлестерін жо­ға­ры бағалаймыз. Қазақстан бү­гінгі күн­ге дейін 30 800-ге жуық мем­ле­ке­т­аралық, үкіметаралық және ве­домствоаралық халықаралық шарт­тарға қол қойды.

Отандық дипломаттар шет мемлекеттермен визасыз тәртіп орнату бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні 20 елмен виза­дан босату туралы екіжақты ке­лі­сім жасалды. Бұған қоса, 12 ел бір­жақты негізде қазақстандықтар үшін визасыз тәртіп енгізді.

Жаңғырту басымдықтары

«Менің сыртқы саясатымның бас­ты қағидасы – ел ішінде жақсы би­лік жүргізу» деген екен ХІХ ға­сырдағы британдық мемлекет қай­рат­кері Уильям Гладстон.

Сыртқы саясат ведомствосы қыз­метінің басты бағыты шетел инвестициясын тарту, дайын өнімді әлемдік нарыққа бағыттау жолында отандық экспорттаушыларға кө­мек көрсету, индустриялық-инно­ва­ция­лық жобалар мен «Нұр­лы жол» бағ­дарламасын қы­тайлық «Бір бел­деу, бір жол» жо­басымен ұш­та­ст­ы­рып жү­зеге асы­р­уға ықпал ету болып табыла­ды. Бұл үдеріске жақын арада құ­рыл­ған «KazakhInvest» және «KazakhExport» ұлттық компа­ния­лары белсенді қатысуда. Шет­ел­­дік дипломатиялық корпус пен биз­нес қауымдастық өкілдері ара­сын­дағы тікелей байланысты да­мы­ту мақсатында Сыртқы істер ми­­нистрлігінің бастамасымен, «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер па­­латасының қолдауымен «Дип­ло­ма­тиялық бизнес клубы» құрылды. 

Мемлекеттік органдардың бір­­ле­сіп күш жұмсауының ар­қа­сын­да 2005 жылдан бас­тап, 2016 жыл­дың со­ңына дейін Қазақстанға 242 млрд АҚШ доллары көлемінде ті­­келей ше­тел инвестициялары тар­тыл­ды. 

СІМ Астана халықаралық қар­­жы орталығын (АХҚО) құ­ру жұ­мыс­тарына жүйелі қол­дау көр­­се­те­ді. Еуразиялық эко­но­ми­ка­лық одақ бағыты бойынша бел­­сен­ді жұ­мыстар атқарылып ке­леді. Қа­зір­­гі уақытта әлемнің он­да­ған ел­­­дерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және ЕАЭО еркін сауда аймағын құру бой­ынша келіссөздік тректер іске қо­сылды. 2018 жылы ЕАЭО-ның жа­ңа Кеден кодексі күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық одақ, С5+1 америкалық бастама, Еуропалық одақтың Орталық Азия­дағы стратегиясы, «Орталық Азия – Жапония» және «Орталық Азия – Оңтүстік Корея» форматтары мәні бойынша тиісті векторға ие. Ол – экономикалық интегра­ция­­­ны тереңдету және жаңа еу­ра­­зия­лық құрылым қалыптастыру. Бұл ма­­ңы­з­ды аспект басқа аймақтық ак­­тор­­л­ар – Франция, Үндістан, Иран, Түр­кия, Пәкістан және Сауд Ара­бия­сының Еуразиядағы мүд­де­ле­рі­мен толықтырылады. 

Мемлекет басшысының «Қа­зақ­­­станның Үшінші жаңғыруы: жа­һан­дық бәсекеге қабілеттілік» ат­ты Жол­дауы – геоэкономикалық ау­қы­м­дағы маңызды бағдарлама. Ол елі­міздің Еуразия мен тұтас әлем эко­номикасындағы болашақ орны мен рөлін нақты айқындайды. Сыр­т­­­қы істер министрлігі қой­ыл­­ған мін­­деттерді табысты түрде орын­­дау үшін құзыретіндегі бар­лық ре­сур­с­тарды қолданады.

Халықаралық ауқымдағы ірі мін­­дет – «Жаһандық әлемдегі за­манауи қазақстандық мә­де­ни­­ет» жоба­сын жүзеге асыру. «Бо­ла­шақ­қа бағдар: рухани жаң­ғы­ру» ма­­­қа­ласында Елбасы тара­пы­нан берілген тапсырмаларға сәй­кес, үкі­мет әдебиет, драматур­гия, опера, балет, музыка, кино, бейнелеу өне­рі, мүсіндеу саласындағы за­ман­дас отандастырымыз дү­ние­ге әкел­ген бірегей туындылар­ды на­си­хаттауға күш-жігерін жұм­сай­ды. 

Уақыт Қазақстанның ха­лық­­аралық қызметінің көп век­тор­лығы, прагматизм және ұлт­тық мү­д­де­­лерді берік қорғау сия­қ­ты не­гізгі қағидаларының дұ­рыс­тығын көрсетті. Бұған қоса, құ­был­­малы жағдайларды ескеріп, олар­­ға уақтылы бейімделу, сын-қа­терлерге тиімді жауап қай­та­ру өте маңызды. 2014-2020 жыл­­­дар­ға арналған «Қазақстан Рес­­пуб­ли­­ка­сының Сыртқы сая­сат тұ­­жы­рым­дамасын» бас­шы­­лыққа ала отырып, біз елі­міз­дің даму­ын, қау­­іпсіздігін жә­не аза­мат­та­­ры­мыз­дың игілігін қам­та­ма­сыз ету үшін ба­рынша қо­лай­лы сыртқы жағ­дай­ларды қа­лып­тас­ты­ру­­ға жағ­дай жасауды жал­ға­с­тыра бе­ре­міз.

СІМ институттық дамыту жұ­мыс­тары жалғастырылады, соның ішін­де оның қоғаммен бірлескен іс-қимылын нығайтуға да лайықты көңіл бөлінеді. Министрлік жанында Қоғамдық кеңес қызмет етеді, оның құрамына Парламент де­путаттары, беделді дипломаттар, белгілі қоғам қайраткерлері, ға­лымдар мен журналистер кі­ре­д­і. 2013 жылы министрлік жаны­нан «Адам өлшемі бойынша сұх­бат алаңы» консультациялық-ке­ңес органы құрылды. СІМ қыз­мет­керлері мен дипломатиялық қыз­мет ардагерлерінің күш-жігерімен «Қ­азақстандық дипломаттар бір­лес­тігі» құрылып, жұмыс жасауда.
Тәуелсіздік жылдары ішін­де министрлікте теңдессіз халық­ара­лық және дипломатиялық тә­жі­ри­бе­сі бар қызметкерлердің кәсіби кадр­лық құрамы қалыптасты. Көп­теген мамандар «Болашақ» пре­зиденттік стипендиясының ар­қа­сында шетелде білім алып келді. 

Ширек ғасырда 285 азаматымыз Қазақстан Республикасының шет­елдердегі төтенше және уә­кі­лет­ті елшісі қызметіне тағай­ын­­да­лу құрметіне ие болды. Отан­дасымыз Қасым-Жомарт То­қаев БҰҰ Бас хатшысының орын­ба­са­ры – БҰҰ Женевадағы бө­лім­ше­­сі­нің Бас директоры лауазымын, Қанат Саудабаев – ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Бо­лат Нұрғалиев – Шанхай ын­ты­мақ­тас­тық ұйымының Бас хатшысы, Тай­ыр Мансұров – Еуразиялық эко­­­номикалық қоғамдастықтың Бас хатшысы, Асхат Оразбай Эко­но­микалық ынтымақтастық ұй­ы­мы­ның Бас хатшысы лауазымдарын атқарды.
Отандық дипломатия тарихына тәуелсіз Қазақстанның барлық Сырт­қы істер министрлерінің аттары алтын әріппен жазылды. Олар – Ақмарал Хайдарқызы Арыс­тан­бе­кова, Төлеутай Ыс­қақ­­ұлы Сү­лей­менов, Қанат Бек­мыр­заұлы Сау­дабаев, Қасым-Жо­март Кем­ел­­ұлы Тоқаев, Ерлан Әбіл­фай­ыз­ұлы Ыдырысов, Марат Мұ­хан­бет­қа­­зыұлы Тәжин, Ержан Хозеұлы Қа­зыханов. 

Қазақстандық дипломаттардың қа­зіргі буынының отандық сырт­қы сая­саттағы алғашқы май­тал­­ман­­д­ар­­дың ісін лайықты жал­ғас­ты­ра­ты­нына сенімдімін. 

Мен үшін, әсіресе, осындай ай­тулы мерейтой жылы сыртқы сая­сат ведомствосын басқару үл­кен мәртебе. Менің және СІМ жүйе­сі­нің барлық ұжымының алдында Ел­басының үлкен сенімін ақтау және алдымызға қойылған маңызды мақсаттарды лайықты атқару міндеті тұр.

Қайрат Әбдірахманов, 
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі