Фото: Видеодан алынған кадр
Оқиға Ақтау қаласындағы 4 ықшам ауданындағы №7-ші үйде болған.
Бейнежазбадан ер адамның әйелді жұдырықтап, аяқпен тепкілегенін көруге болады.
Қалалық полиция басқармасы ер адамның жеке басы анықталып, ұсталғанын хабарлады.
«Ер адам әйелге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, заңсыз әрекет жасағаны үшін жауапқа тартылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», деп хабарлады Ақтау қалалық полиция басқармасы.