Тәрбие • 30 Маусым, 2017

Ақысыз балабақша

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жекеменшік балабақша жүйесі жылдан жылға көбейіп келеді.

Ақысыз балабақша

Әрине, бұлардың бәрі де балдырғандарды тиісті төлемақылар, тіпті бірқатар жағдайларда жоғары баға бойынша қабылдайды. Ал Ақ­төбе қаласындағы «Аслан-Али» ЖШС жетек­шілері Мәртөк ауданындағы Аққұдық ауылдық округіне қарасты Достық ауылынан тегін балабақша ашу жөнінде ұйғарым жасады.
«Қазіргі кезде балабақша ғимараты ре­тінде жалға алынған даңғарадай бес бөлмелі үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Жиһаздарға тапсырыс жасалған. Балабақша пайдалануға берілген кезде оған осы ауылдың адамдары қызметке тартылмақ. Ғимарат бала санына тарлық еткен жағдайда, қосымша алаң қосуға мүмкіндіктер бар», дейді серіктестік менеджері Саят Оңайбаев. 
Ал балабақша меңгерушісі Әлия Би­туринаның айтуынша, Достық ауылында 40-қа жуық мектеп жасына дейінгі бала бар. Тіпті, күнделікті тіршілігін қолындағы азын-аулақ малмен айырып отырған кейбір қарапайым отбасы иелері балабақшаға 2-3 баласын қатар беруіне тура келмек. Осын­дай жағдайда олар ақысыз балабақша ашу жөнінде шешім қабылдаған ақтөбелік кәсіп­керге дән риза. 

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы, 
Мәртөк ауданы