Әлем • 01 Шілде, 2017

ҚР Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Исмаил Кахраманмен кездесті

240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үстіміздегі жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Исмаил Кахраманмен кездесті. Аталған кездесуге Қазақстан-Түркия парламентаралық достық тобының басшысы Халук Ипек те қатысты.

ҚР Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Исмаил Кахраманмен кездесті

Исмаил Кахраман кездесуді Қазақстан Елшісін жаңадан тағайындалған лауазымымен құттықтауы мен бұл қызметінің екі бауырлас елдің барлық саладағы қарым-қатынастарының нығаюына арқау болатындығы жөніндегі өз сенімін жеткізумен бастады.

Исмаил Кахраман 2016 жылғы 15 шілде күнгі мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға бағытталған оқиғаларға тоқталып, Түркияға өз сапары арқылы қолдауын ең алғаш болып білдірген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа түрік халқының шексіз алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, Исмаил Кахраман Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясаты мен парасаттылығының арқасында Қазақстанның Орта Азиядағы ең қуатты мемлекетке айналып отырғанын, сондай-ақ, аймақтық және халықаралық деңгейдегі көптеген маңызды мәселелердегі бітімгершілік рөлін ерекше атап өтті. Оған қоса, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайлануына да өз қуанышын білдірген Түркия Парламентінің төрағасы дүниежүзілік қауымдастық тарапынан артылған бұл үлкен сенімді Қазақстанның толық ақтайтыны күмәнсіз екенін айтты.

Абзал Сапарбекұлы мен Исмаил Кахраман арасында өткен бұл бас қосуда екіжақты маңызды мәселелердің талқылануымен қатар, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламалық мақаласы төңірегінде де ауқымды әңгіме өрбіді.

Атап айтқанда, Түркия Парламентінің спикері Қазақстан билігінің латын алфавитіне өту жөніндегі шешіміне өзінің оң көзқарасын таныта отырып, Елбасымыздың бұл бағдарламасы Қазақстанның жарқын болашағы үшін өте тиімді боларына сенімін білдірді.

Түрік спикері бұл бағдарламаны Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытындағы әлеуетін нақты айқындайтын, саяси, экономикалық және құқықтық түрде дамуының өзегі деп санайтынын білдірді.

Өз кезегінде, достық тобының төрағасы Х.Ипек Елбасының мақаласы терең оймен жазылғанын және бұны тек Қазақстан халқы үшін ғана емес, түркі әлемін қосқанда барша адамзатқа арналған, түрлі рухани құндылықтарды қамтитын манифесто ретінде бағалауға болатынын айтты.

Сондай-ақ, кездесу барысында Исмаил Кахраман өзінің қазақстандық әріптесі Нұрлан Нигматулинге ыстық ықыласы мен Түркияға арнайы шақыруын жеткізуді сұрады.

Кездесу соңында Исмаил Кахраман барша қазақстандықтарды қазіргі таңда әлем назарын өзіне аударып отырған «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің ашылуымен құттықтап, Қазақстан халқына өзінің ыстық сәлемін жолдады.

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55