Журналистерді кәсібіи мерекелерімен құттықтаған Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Президенті, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан:
«Қазіргі уақытта кім қандай іс атқарса да БАҚ арқылы, телеарна мен газет арқылы халыққа жетіп жатады. Осы тұрғыда ұлтымыздың ұлық өнерін ұлықтап жүрген сіздердің еңбектеріңіз ерекше екенін айта кеткім келеді. Әрқашан елдігімізді, ұлттық құндылықтарымызды насихаттаудан талмаңыздар» - деп ұлттық спортқа шынайы жанкүйер әрі нәсихатшы болып жүрген журналистерге алғыс хат табыстап, мерекелік кәде-сый жоралғысын жасады.
Аз уақыттың ішінде көкпардан Азия, Әлем Біріншіліктері өтіп, жалпақ жұртқа кешегі жауынгер көшпенділердің ұрпағы екенімізді айғақтаған, дәстүрлі "Алтын Тұлпар" ұйымдастырылып бәйгенің де бәсі биіктеген, өзгені айтпағанда Астана жұрты атшабарға ағылуды дағдыға айналдырған бүгінгі күн ұлттық рух ұлттық дүниемен ғана көгеріп, көктейтінін айқын ұқтырғандай!
Өз кезегінде журналистер де осылай ризашылықтарын білдіріп, қауымдастық қызметіне табыс тіледі.