Ұлттық спорт • 02 Шілде, 2017

«Қазақстан барысы-2017»: Ұлан Рысқұл мен Айбек Нұғымаров келесі айналымға өтті

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл қазір елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында жетінші рет ұйымдастырылып жатқан «Қазақстан Барысы-2017» турнирі өтіп жатыр.

«Қазақстан барысы-2017»: Ұлан Рысқұл мен Айбек Нұғымаров келесі айналымға өтті

«Қазақстан барысы-2017» турнирінің бірінші айналымында 2011 жылғы «Барыс» Ұлан Рысқұл мен осы бәсекенің 2013 жылығы чемпионы Айбек Нұғымаров жарыстың екінші айналымына шықты. Ұлан Рысқұл бірінші белдесуінде Ақмола облысының балуаны Дәулет Әшірхановты таза жеңіспен ұтса, Айбек Нұғымаров қарағандылық «Әскер барысы» Олжас Шынкеевті ұпай санымен жеңді.

«Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев биыл жарысқа қатыспайды. Ол күз мезгілінде өтетін «Әлем барысына» дайындалуда. 

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз атанған балуанға алтын белбеу және алтыннан құйылған «Тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орынға күміс және қола белбеу беріледі. Сонымен қатар, әр белдесудегі жеңіске 100 мың теңге қаржылай сыйақы тағайындалған. Ал үшінші орын иеленген балуанға бір миллион 800 мың, бапкеріне 900 мың теңге. Екінші орынға бес миллион 500 мың, бапкеріне бір миллион 800 мың. Бірінші орын иеленген балуанға 25 миллион теңге, бапкеріне үш миллион 500 мың теңге табысталады.