05 Қазан, 2011

Ең бастысы – рухани жетілу

494 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Үстіміздегі жылдың қа­раша айының басында қа­сиетті Мекке қаласында мұсылмандық күнтізбеге сәйкес Зуль-хиджа айының бірінші күні туралы жария­ланатын болады. Осы айда қажылық өткізіледі, деп хабарлады Дін істері агент­тігінің баспасөз қызметі. Осыған орай, Астана қала­сындағы Сауд Арабиясы Король­дігінің елшілігі Қазақ­стан Рес­публикасы Дін істері агенттігіне қажылық-мис­сия­ны жасауға ниеті бар қа­зақстандық қажыларға, сон­дай-ақ қажылардың келуін ұйымдастыратын туристік ком­­па­нияларға төмендегі са­ни­тарлық-медициналық талаптар туралы хабарлауын өтінді. Сауд Арабиясы Корольдігіне басқа елдерден келетін барлық қажылар эпидемия­лық аурулар­дың халық­ара­лық ережелеріне бағынуы тиіс. Қажылардың өз елдерінде эпидемиялық сипат­тағы аурулар пайда болған жағдайда, Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақ­тау министрлігі Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесе отырып, шұ­ғыл шараларды қабылдап, қажы­ларға халықаралық нор­маларға сәйкес медициналық талаптарды белгілеуге құқы­лы болады. Әрбір қажының Сауд Арабия­сына келгенге дейін 10 күннен аспайтын мерзімде, сондай-ақ 3 жылдан ар­тық емес мезгілде жасал­ғанын растайтын эпидемия­лық менингитке қарсы егу туралы анықтамасы болуы шарт. Қажы­лыққа баратын 15 жастан төменгі балалардың Сауд Арабиясына келгенге дейін 6 апта бұрын жасал­ғанын растайтын полиомиелитке қарсы егу туралы анықта­масы болуы талап етіледі. Одан басқа, Сауд Ара­биясы Король­дігінің Денсау­лық сақтау министрлігі қа­жылардан, әсіресе, жасы ұлғайған, созылмалы астма, қант диабеті, бүйрек, бауыр және жүрек ауруларына шал­дыққан адамдардан қажы­лыққа келгенге дейін мау­сымды тұмауға қарсы егудің бар болуын талап етеді. Қажыларға тексерілуі оңай бола­тын консервіленген немесе ар­найы оралған азық-түліктен басқа, азық-түлік өнім­дерін әкелуге тыйым са­лынады. Сондай-ақ, сәуір айында Жидда қаласында Қазақстан мұсыл­мандары діни басқар­масы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қа­жы­лық істер жөніндегі министрлігі ара­сында қол қойылған қажы­лық­ты ұйымдастыру мен оның тәртібі туралы хаттама­сының негізінде Мекке және Медине қалаларына қажы­лыққа баратын қазақстандық мұсылман­дардың саны 4 мың бо­луы қажет. Қажылық жа­сауға ниеті бар қазақ­стандық азамат­тардың саны артқан жағдайда, қазақ­стан­дық тарап жыл сайын өз үлесін 10 мың адамға дейін көбейтуге құ­қылы. Бұл мүм­кіндік туралы Ислам Ын­тымақтастығы Ұйы­­­мы­на мү­ше мемлекет­тердің сырт­қы істер минис­трлерінің 1987 жылғы «Әрбір миллион тұр­ғын­нан мың адам есебімен қажы­лардың санын шектеу туралы» шешімінде белгіленген. Ислам Ынты­мақтастығы Ұйымының деректері бойын­ша, Қазақ­стан Рес­пуб­ли­касының мұ­сыл­ман саны 10 млн.-нан астам. Қа­жылық – исламның бесінші шарты болып табылады. Адамдар­дың көбісі қажы­лыққа өмірінде бір рет қана барады, сондықтан бұған алдын ала және мұқият дайындалу өте маңызды. Тек қана ақша жинап, уақыт пен күш жұмсау ғана емес, сонымен бірге, ең бастысы – рухани жетілу қажет.