Аймақтар • 03 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанда «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының жеңімпаздары белгілі болды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстанның үздік тауары-2017» конкурсы үш аталым бойынша ұйымдастырылып, оннан озған жүйріктер республикалық кезеңге жолдама алды.

Солтүстік Қазақстанда «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының жеңімпаздары белгілі болды

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында бірінші орынға «Север-Монтаж Автоматика» ЖШС-і лайық деп танылды. Кәсіпорын баспаналар мен офистік ғимараттар салуға арналған «Ақылды үй» бағдарламасын көп жылдан бері сәтті жүзеге асырып келеді. Екінші, үшінші орындарды Киров атындағы зауыт пен «ЗМО» ЖШС-і бөлісті.

«Халыққа арналған үздік тауар» аталымы бойынша  жеңістің ең биік тұғырына «Soltustik Rubber Recycling» серіктестігі көтерілді. Оның директоры  Игорь Машковцевтың айтуынша,  көліктердің жарамсыз  шиналарын қалдықсыз өңдейтін өңрдегі  бірегей өндіріс орны  өз өнімдерін ішкі нарықпен қатар Ресейге де жөнелтеді.

«ViZaVi Company» ЖШС осымен екінші рет  «Үздік азық-түлік өнімдері» аталамы бойынша  жеңімпаз атанды. Ол өндіретін кондитерлік тағамдар үлкен сұранысқа ие.  Екінші орынды иеленген  жеке кәсіпкер Юрий  Пилипушко  ара шаруашылығымен  айналысып,  балдың 12 түрін шығарады.

Конкурсқа барлығы  43 кәсіпорын мен жеке кәсіпкер қатысуға өтініш білдірген.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы