Әлемді өз өнерімен тәнті етіп жүрген топтың шығармашылық жұмысын Астанада өткізетіні бірер ай бұрын белгілі болған еді. ЭКСПО аумағында орналасқан Энергия холлында аталған ұжым концертін өткізді. Олар көрермен назарына халықаралық сахналарда орындап жүрген үздік туындыларын қойды.
Морис Штегер шара барысында Астана қаласының сұлулығы мен ЭКСПО көрмесі жайлы жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта қазақ елінің дамыған мемлекеттердің қатарына енетініне сенімді екенін жеткізді.
The Independent басылымының хабарлауынша, Морис Штегер әлемдегі «үздік флейташы-виртуоз» атанған. Ол бүгінде Цюрих камералық оркестрі, Франкфурт симфониялық оркестрі, Берлин филармониясының оркестрі сынды жетекші оркестрлермен өнер көрсетіп келеді.
«Lautten compagney» оркестрі – Германияның белгілі ансамбльдерінің бірі. Вольфганга Катчнераның жетекшілігімен өткізіліп жүрген кештері ондаған жылдар бойы тыңдармандарын тәнті етіп келеді. Шеберліктерінің арқасында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Ансамбль бүгінге дейін түрлі сыйлықтарға ие болды. Мәселен, 2010 жылы америкалық композитор Филип Гласстың туындыларын барокко стиліндегі музыкамен үйлестіргені үшін ECHO Klassik сыйлығын алды.
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында елімізге түрлі мемлекеттерден өнер иелері келіп, жаңа туындыларын паш етуде. Ел астанасына бұл жолы әлемге әйгілі Швейцарияның сырнайшысы Морис Штегер мен Германияның «Lautten compagney» оркестрі атбасын бұрды.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше