Қазақстан • 06 Шілде, 2017

Тәуелсіздіктің тәтті жемісі

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ тарихының жаңа парағы ол – осыдан жиыр­ма шақты жыл бұрын Қа­раөткелдің жағасындағы, Есілдің саға­сындағы ең көрікті шаһар – жаңа Ас­танамыздың еңселі бой түзеуі болатын. Онда көреген Елбасының ке­мел сая­саты мен асқақ арманы ұш­тасқан.

Тәуелсіздіктің тәтті жемісі

Астана – қазақ үшін ғасыр­лар бойы армандап келген ұлы мұрат­тардың ұшар басындай кешенді жоба. Жаңа шаһар тәуелсіздік пен өркениеттің алтын қазығы десек болады. Елорда – 130-дан астам ұлт пен ұлыстың басын біріктірген үкілі үміт пен айрықша сенімнің нышаны. Келешектің кепі­ліндей алыстан көзді арбайтын жасыл-жақұт – жаңа идеялардың алаңы қазір. 
Жуырда Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін араладым. Менің сонда бойымды ерекше бір рух кернеді. Ол рух – әлем­дік аренада тұрған қазақ рухы болатын!
Баяғы Суяб, Испиджаб, Сығанақ, Женд, Түркістан, Ақмешіт, Алма­тының заңды жалғасы, тарих тізбегі – Астана баянды болашаққа жол ашқан алтын қақпа, жібек жол, күміс күмбез. Мәртебелі шаһардың мінезі де басқа, майда, қоңыр. Есілдей есіліп жатқан жастардың қаласы бұл кент!
Бүгінгі Астананың жаңаша сәу­лет­тегі нұрлы нақыштары, сондай-ақ, 100 пайыз қазақы атаулармен белгіленген көше аттарының өзі Тәуелсіздіктің тәтті жемісі дер едім!
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев­ты және әрбір қазақстан­дық­­ты Астана күні мерекесімен құттық­тай­мын!

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ, 
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Қарағанды облысы