Аймақтар • 07 Шілде, 2017

Қостанайда қару дайындайтын жасырын цех əшкереленді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасырын цехты ұйымдастырған қостанайлық ер адам ұсталды. Оны Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бөлімінің қызметкерлері «Байкал» маркалы төрт тапаншаны 32 патронымен сатайын деп тұрғанда қолға түсірген.

Қостанайда қару дайындайтын жасырын цех əшкереленді

Ол мылтықтарды жасырын түрде сұраным бойынша қайта жасап беріп отырған. Күдіктіге тінту жүргізілгенде, оның гаражы мен цехынан 2 тапанша, 3 тегіс ұңғылы және шағын ұңғылы мылтықтар, 3 ПМ тапаншасының бәсеңдеткіші, түрлі калибрге 2 мыңның сыртында патрон, оқ ататын қарулдардың қосалқы бөлшектері, қару жөндеуге қажетті жабдықтар, патрондар жасайтын заттар, 500 грамм оқ дәрі және 8 аңшы пышағы табылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу және сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нәзира Жәрімбетова,

"Егемен Қазақстан"

Қостанай