Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Əсет Исекешев Астанадағы ауылшаруашылық жəрмеңкесін аралады

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан Солтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының жәрмеңкесіне Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев пен Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Əсет Исекешев Астанадағы ауылшаруашылық жəрмеңкесін аралады

Əсет Исекешев пен Құмар Ақсақалов жəрмеңкені аралап, ұсынылған өніммен жəне олардың бағасымен танысты.

Айта кетейік, бүгінгі өтіп жатқан азық-түлік жәрмеңкесіне аталған облыстардан түрі 100-ден асатын 2500 тонна өнім əкелінді. Олардың бағалары базарға салыстырғанда 15-20 % ке дейін арзан. Жыл басынан бері елордада осындай 20 жәрмеңке өтті. Келесі аптада Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан жəне Атырау облыстары жəрмеңке өткізеді деп жоспарлануда.