Қазақстан • 09 Шілде, 2017

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі «Қазақстанға саяхат» конкурсын жариялады

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі «Қазақстанға саяхат» конкурсын жариялады

«Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық Көрмесін, Астана қаласын, Қазақстанның мəдени-экономикалық, туристік тартымдылығын танытатын сурет, видео, қысқаша жазбаны #AstanaEXPOTR хэштэгімен әлеуметтік желілерде бөліс, Қазақстанға 2 кісілік Rixos қонақ үйлерінде (Rixos President Astana, Rixos Borovoe, Rixos Almaty) 7 түн қону және Эйр-Астана компаниясынан тегін билеттер ұтып ал», - деп жазылған Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің Фейсбуктегі парақшасында.

Мәлімет бойынша, конкурс 1 шілде мен 30 тамыз аралығында өтеді.