Күрес • 10 Шілде, 2017

Маңғыстаулық палуан Павлодарда топ жарды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстаулық ауыр салмақтағы палуан Нұрдәулет Жарылғапов «Қазақстан барысы» турнирінен соң Павлодарға аттанған болатын.

Маңғыстаулық палуан Павлодарда топ жарды

Еліміздің әр аймағынан жиылған 50-ден астам ауырсалмақтағы палуандар арасынан суырылып шыққан Нұрдәулет Бас бәйге – автокөлікті қанжығасына байлады. Ол өз жеңісін Елордамыз – Астана қаласы күніне және Ақтау қаласының құрметіне арнайтындығын жеткізді.

5 жекпе-жекте жеңіске жеткен Н.Жарылғапов ақтық сында өткен жылғы чемпион, қызылордалық Нұрым Сәлімгереевпен кездесті.  

Гүлайым Шынтемірқызы,

"Егемен Қазақстан"

Маңғыстау облысы