Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Инвестор тартуда елшілер әлеуеті ескеріледі

164 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының және еліміздегі шет мемлекеттердің құрметті консулдарының съезі ұйымдастырылды. Алғаш рет өтіп отырған аталған шараның негізгі мақсаты – шетел инвесторлары үшін Қазақстанда жасалып жатқан мүмкіндіктерді жан-жақты түсіндіре отырып, тиісті ақпаратты консулдар арқылы барлық инвесторға жеткізу.

Инвестор тартуда елшілер әлеуеті ескеріледі

Қазақстанның 45 мем­ле­кет­тегі құрметті консулы мен біз­дің елімізде тіркелген 31 шет мем­лекеттің 47 құрметті консулы қатысқан алқалы жиынға Сырт­қы істер министрінің бірін­ші орынбасары Мұхтар Тілеу­берді жетекшілік етті. Ол Мем­лекет басшысының тапсырмасымен инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған ел Үкі­метінің негізгі жұмыстары туралы баяндады.

Бүгінгі таңда Қазақстан инвес­тициялық ахуалды жақсар­тып, оның жұмыс істеу мүмкін­дігін кеңейту мақсатында жеңіл­детілген салық түрін ұлттық заңнамамен қамтамасыз етіп жат­қаны белгілі. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбаса­ры экономикамыздың басым­дыққа ие әртүрлі саласын­да инвестициялық жобалар­ды қолға алып жатқан инвес­тор­ларға мұн­дай әрекеттер мемле­кет тарапынан әркез кепілдендірі­летіндігін атап өтті.

«Сыртқы саясаттағы ведо­м­ство­лар арқылы біз өз әрекеті­мізді жаңашыл әдіс-тәсіл­дермен жетілдіріп, қайта жаңғырту жұ­мыстарын жүргізудеміз. Соның нәтижесінде, қазақстандық эко­номиканың басым бағыттары инновациялық технологиялармен жарақтандырылып, шетелдік инвестиция көлемі артуы тиіс. Сонымен қатар, отандық өнімдерді шет мемлекеттердің нарығына шығару ісі де Сыртқы істер министрлігінің осы күнгі негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр», деді М.Тілеуберді өзінің сөзінде.

Сондай-ақ, отырыста сөз алған Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайы­ров қазір Қазақстанда шетел­дік инвестициялардың өңдеу сала­сына салынуы жедел мақұл­да­на­тындығын айтып, соңғы кездері оның экономикаға құйылу көрсеткішінің көлемі өсіп келе жатқанын тілге тиек етті.

«Соңғы он екі жылдың ішінде Қазақстан экономикасына 245 млрд доллардан астам шетел инвестициясы құйылды. Ашығын айту керек, ол ақшаның басым бөлігі пайдалы қазбаларды игеруге жұмсалды. Десек те, Үкіметтің ендігі көздеген мақсаты – инвестицияларды өңдеу саласына тарту», деді ол.

Мұхтар Бескенұлының айтуынша, өткен жылы ел экономи­касына тартылған инвести­ция­лардың жалпы көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 40 па­йызға артық болған. Ал биыл­ғы жылдың бірінші тоқса­нында тіке­лей шетел инвестиция­ларының көлемі 20 пайызға көбейген.

Жиынға қатысушылар арасында өрбіген әңгіме ауанына қарап, Қазақстанда бизнес-се­рік­тестіктің еркін дамуына мейлінше қолайлы жағдай жасалып жат­қанын оңай аңғаруға болады. Ол Сыртқы істер министрлігі тарапынан жүзеге асырылып жат­қан визалық саясаттың қалып­тасуынан байқалады. Яғни, визасыз кеңістікті мигра­ция­лық заң шеңберінде кеңейту инвес­тициялық ахуалды жақсартып, еліміздің туристік әлеуетін арттыратыны сөзсіз.

Сонымен қатар, құрметті консулдар қатысқан отырыста «Kazakh Invest» АҚ пен «Ата­мекен» ҰК» АҚ және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ сынды елдегі алпауыт компа­ния­лардың жетекшілері арнайы баяндама жасап, өздерінің жобалары мен нарықтағы мүмкіндіктерін таныстырды.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»