![Маңызды мәселелер қаралды](/article_photo/1500000804_article_b.jpeg)
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері жөніндегі кеңес барысында агро қайта өңдеуді индустрияландыру, сонымен қатар, облыстар мен аудандар тұрғысынан 2017-2021 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу картасының жобасы қаралды.
* * *
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында экономиканың негізгі салаларын цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында АӨК электронды саудасын дамыту, кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру және электронды мағлұмдауға ауысу, ШОБ негізгі қызметін цифрландыруға ынталандыру, сонымен қатар энергетика саласында жобаларды құрып, енгізу мәселелері талқыланды.
Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов, Энергетика министрі Қ.Бозымбаев, Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов мемлекеттік органдардың жұмыстың цифрлы форматқа ауысуына байланысты тәсілдері туралы баяндады.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.
* * *
Кеше сондай-ақ, экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында Қазақстанды Үшінші жаңғыртудың жобалық басқару мәселелері талқыланды. Қазақстан экономикасының салаларын цифрландыру мен технологиялық жаңарту, өнімді жұмыспен қамтамасыз ету, сонымен қатар, жаппай кәсіпкерлікті дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру жөніндегі бастамалардың жоспарлары қаралды.
Отырыс аясында Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек сондай-ақ, Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова баяндамаларымен таныстырды.