Аймақтар • 14 Шілде, 2017

СҚО-да Ұлттық қауіпсіздік департаменті қызметкерлері марапатталды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

СҚО-да Ұлттық қауіпсіздік департаменті қызметкерлері марапатталды

Сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен аймақ басшысы Құмар Ақсақалов құттықтады.

«Тәуелсіздік алған күннен бастап Ел Президенті мемлекеттің қауіпсіздігі мен тыныштығын басты назарда ұстап келеді. Елбасы «Елдің тыныштығын, тұрақтылығын сақтау бәріміздің қасиетті борышымыз», деп қауіпсіздіктің маңызын атап өткен болатын.  Сіздердің  ұлт мүддесі үшін аянбай еңбек етіп, табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін», деді Құмар Іргебайұлы.

Әріптестерін ҰҚК департаментінің басшысы, генерал-майор Асқар Ақшаев құттықтады.

Салтанатты жиын барысында мінсіз орындаушылық тәртібі мен қызметтік іс-қимылда қол жеткізген оң нәтижелері үшін, сондай-ақ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына орай бір топ қызметкерге облыс әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттары  табыс етілді.

14 қызметкерге «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалі табысталды. Бұдан басқа бірнеше  қызметкер Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының Құрмет грамотасын иеленді.

Жиын өңірдің шығармашылық ұжымдары өнер көрсеткен мерекелік концертке жалғасты.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»