Аймақтар • 14 Шілде, 2017

Оңтүстік өңірлерде жеміс-жидек агропарктері құрылады

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру тиімділігі артып отыр.

Оңтүстік өңірлерде жеміс-жидек агропарктері құрылады

Осы орайда шағын және орта бизнеске, әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуға инвестиция тарту үшін алдағы жылдары аймақтарда жеміс-жидек сақтау қоймаларын салу, жеміс-жидек бақтарын, сонымен қатар өңдеу кәсіпорындары мен аралас өндірісті дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылатын болады. 

Осы бағытта Жамбыл облысының әкімдігі мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы,   сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Бүгінде бау-бақша шаруашылығын дамыту жоғары мультипликативтік нәтижеге ие болып отыр. Бұл өз кезегінде контейнер жасау, қаптау, техниканы құрастыру, тамшылатып суару және тағы да басқа өндірістер бойынша жобаларды құруға мүмкіндік береді.

Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан»