Футбол • 14 Шілде, 2017

ЧЛ: «Астана» келесі кезеңде польшалық«Легия» командасымен ойнауы мүмкін

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Бүгін Швейцарияда Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті.

ЧЛ: «Астана» келесі кезеңде польшалық«Легия» командасымен ойнауы мүмкін

Егер, «Астана» командасы 18 шілде күні «Спартак» клубына қарсы өтетін екінші кезеңнің жауап ойынында жеңіске жетсе, «Мариехамн» (Финляндия) – «Легия» (Польша) клубтарының жеңімпазымен ойнайды. Қос команда арасындағы бірінші ойында «Легия» командасы 3:0 есебімен жеңіске жеткен.

Ал «Астана» командасы сырт алаңда «Спартак» клубын 1:0 есебімен ұтқан еді.