Қазақстан • 15 Шілде, 2017

Абаев: Қазақстанда әлеуметтік роликтер базасы құрылады

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда әлеуметтік роликтер базасы құрылып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі өзінің парақшасында жазды.

Абаев: Қазақстанда әлеуметтік роликтер базасы құрылады

«Құрметті достар, министрлік әлеуметтік роликтер базасын құру жұмысына кірісті. Аталған роликтер отандық телеарналарда, сондай-ақ шетелдік арналардың жарнама блоктары кезінде көрсетілетін болады», - деп атап көрсетті Дәурен Абаев. Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі қазақстандық теле және радио арналарды күндізгі уақытта әлеуметтік роликтерді тегін көрсетуге міндеттеуді ұсынған болатын.