Қазақстан • 15 Шілде, 2017

Түркі жастарының халықаралық лагері өз жұмысын аяқтады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Түркі кеңесі халықаралық жастар лагері өз жұмысын қортындылады. Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан мен Түркиядан келген 100-ден астам жастың басын қосқан лагерь бір апта ішінде бірнеше семинар ұйымдастырды.

Түркі жастарының халықаралық лагері өз жұмысын аяқтады

Лагердің негізгі мақсаты - Түркі кеңесі елдерінің жастары арасында мəдениетаралық байланыс, жастар саясаты саласында озық тəжірибе мен инновациялық жобалар алмасу. 

Түрлі жастар ұйымының өкілдері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласын талқылап, ой қосты. Елбасының Түркі әлемінің интеграциясына қатысты бастамаларына қолдау білдіріп, Түркі елдерінің мəдени-гуманитарлық ықпалдастығын артыруда маңызды екендігі айтылды. Сондай-ақ жастар саясатындағы инновациялық идеялардың іске асуы, осы саладағы Түркі кеңесі елдерінде жүзеге асырылып жатқан тиімді жобалар мен  басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Жазғы лагерьдің жабылу салтанатына Халықаралық Түркі академиясының президенті Дарxан Қыдырәлі, «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаров, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұлов, сондай-ақ "Жас Отан" жастар қанатының, Астана қаласы мен Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармаларының  өкілдері қатысты.  Шараны ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Жас Отан» жастар қанаты және Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырды. Айта кеткен жөн, Түркі кеңесінің алғашқы лагері өткен жылы Түркияда ұйымдастырылған болатын. Келесі лагерь Әзербайжанда немесе Қырғызстанда өтеді.