Тоқыса қазық шалып алашаны,
Шаршылы қошқар мүйіз жарасады.
Жүгірткен өрмек жібін өрнек салып,
Қазақта хас шебердің бағы асады.
Қылыш пен арқалығы, адарғысы,
Кіріскен асарлатып тамам кісі.
Алаша – ауылымда асыл бұйым,
Сәні де, салтанаты, жоралғысы.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»
Жобаның жүргізушісі Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»