Аймақтар • 17 Шілде, 2017

Ұлттық гвардияның қатарын 200 жас сарбаз толықтырды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейдегі 5511 әскери бөлімінің қатарына Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы және Жамбыл облыстарынан келген 200 жас сарбаз келіп қосылды.

Ұлттық гвардияның қатарын 200 жас сарбаз толықтырды

Жас жауынгерлердің ант беру салтанаты Семей қаласының Орталық алаңында өтті. Қала әкімі Ермак Сәлімов, ҚР Ұлттық гвардиясының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие ісі және әскери-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Ниязтай Алкешев және ардагерлер жастарға сәттілік тілеп, Отанға адал қызмет етуге шақырды. Салтанатты шара барысында Ұлттық гвардияның жас сарбаздары Калашников автоматымен түрлі жаттығулар, тәсілдер көрсетті.

Әскери ант беру - әрбір жауынгердің Ата Заң алдындағы міндетін орындап, Елбасына адал қызмет етіп, Отан қорғау даяр екендігінің дәлелі. 

Раушан Нұғманбекова

Суреттерді түсірген автор

Семей қаласы.