Үкімет • 17 Шілде, 2017

Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық дамуының 6 айдағы қорытындылары қаралады

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде сейсенбі күні 18 шілдеде сағат 10:00-де Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық дамуының 6 айдағы қорытындылары қаралады

Күн тәртібінде – ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының 2017 жылғы 6 айдағы қорытындылары, 2017 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша "Нұрлы жер" Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ұлттық экономика, қаржы, инвестициялар және даму министрліктері басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.