![Рүстем Құрманов Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды](/article_photo/1500981177_article_b.jpeg)
Құрманов Рүстем Жомартұлы 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.
2003 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында жетекші маман міндетін атқарушы, жетекші маман қызметін атқарған.
2004 – 2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында бас маман болып қызмет істеген.
2006 – 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында бөлім басшысы болып қызмет атқарған.
2009 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі басқармасының басшысы лауазымында болған.
2011 – 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінде департамент директоры лауазымын атқарған.
2012 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Департамент директоры қызметін атқарған.
2013 – 2015 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарған, «А» корпусы.
2015 – 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының хатшысы лауазымын атқарған.
2016 – 2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің атқарушы директоры – директоры қызметін атқарған.
2017 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісінің м.а., Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі ретінде еңбек еткен.