Футбол • 25 Шілде, 2017

Стойлов: Каньяс «Ордабасының» деңгейін көтеретініне сенімдімін

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов өзінің бұрынғы ойыншысы колумбиялық Рохер Каньястың «Ордабасыға» ауысуына байланысты пікір білдірді.

Стойлов: Каньяс «Ордабасының» деңгейін көтеретініне сенімдімін

«Рохерді өз басым жақсы білемін. Маңызды сәттерде қажет жерден табылып, команданың жеңіске жетуіне зор үлесін қосады. «Ордабасының» деңгейін көтеретініне сенімім мол», деді Станимир Стойлов.

Айта кетейік, 27 жастағы жартылай қорғаушы «Астана» сапында 2014-2017 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Осы уақыт аралығында ол 91 ойынға қатысып, 12 голдың авторы атанды. Елордалық ұжыммен бірге үш жыл қатарынан ел чемпионы атанды. Сонымен қатар, «Астананың» Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуына өз үлесін қосты.

Ал осы жылдың басында Кипрдің АПОЭЛ клубына төрт айға жалға беріліп, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Шілде айында Қазақстанға оралып, Шымкенттің «Ордабасы» командасымен келісімшартқа отырды.

Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»