Үкімет • 25 Шілде, 2017

Үкімет басшысы Қазақстандағы Канада елшісімен кездесті

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Стайлмен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz

Үкімет басшысы Қазақстандағы Канада елшісімен кездесті

Тараптар кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың көптеген мәселелерін, солардың ішінде, іскерлік серіктестікті одан әрі дамыту, Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесін өткізу, сауда-инвестициялық байланыстарды нығайту мен әртараптандыру, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.

Бұдан өзге, визалық режимді жеңілдету, өзара туристер ағынын ұлғайту және қазақстандық балаларды хоккейге үйретудің қазақстандық-канадалық пилоттық бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.