Қазақстан • 26 Шілде, 2017

Алғашқы жартыжылдықта 8 768 автокөлік шығарылды

184 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы автомобиль саласы кәсіпорындарының 2017 жылдың І жартысындағы жұмыс қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға «КазАвтоПром» қазақстандық автомобиль кәсіпорындары одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Олег Алфёров қатысты.

Алғашқы жартыжылдықта 8 768 автокөлік шығарылды

Спикердің сөзінше, есепті ке­зең­нің қорытындылары бойынша Қазақстан аумағында жалпы құ­ны 64,5 млрд теңгенің жүк техни­ка­сы мен автобус техникасын қоса ал­ғанда 8 768 автокөлік шығарылған.

«Өнім көлемінің заттай көрі­нісі өткен жылдың көрсет­кішінен 3,6 есе асып түсті. Жеңіл авто­кө­ліктер өндірісі 7 779 бірлік­ке жетіп, 5,3 есе ұлғайды. Авто­бус техникасын шығару 2017 жыл­дың қаңтар-маусымы айла­ры қорытындылары бойын­ша өткен жылғы көрсеткіш­тен 4,4 есе ұлғайды. Жүк авто­кө­ліктері өндірісі 32,1 па­йызға қыс­қарды», деді Олег Ал­-
фёров. 

Сондай-ақ, спикер 2017 жыл­дың маусым айының нәтижелері бойынша автокөліктер шығару 1818 бірлікті құрағанын, ол  2016 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өскенін тілге тиек етті.

«Отандық автозауыттардың өнімі жылдың басынан бері 7748 бірлікті құра­ды, бұл өткен жылдың көрсет­­кіші­­нен 57,5 пайызға жоғары. Қаз­ав­то­өнеркәсіп кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылмен салыстырғанда 21,8 пайыздан 37 пайызға жетті. Бұл ретте мау­сымда бұл көрсеткіш тарихи максимумды жаңартып, 46,9 па­йызды құрады», деді спикер.

«КазАвтоПром» қазақ­стан-
дық атомобиль кәсіпорын­дары одағы» ЗТБ басқарма төр­ағасы есептік кезеңнің қоры­тын­ды­лары бойынша 831 авто­көлік Қытайға, Ресейге, Белорус­сияға және Тәжікстанға экспортқа жөнел­тілгенін жеткізді. Соны­мен қатар, ол экспорттық жеткі­зілімдердің көшбасшысы Lada бренді болып тұрғанын айтып өтті.

«Оған 696 шетелдік сатып алушы ықылас білдірді. Қа­зақ­стандық автоэкспорт құры­лы­мындағы Hyundai және JAC маркілеріне де қызығушылық жоғары», деді спикер.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»