Үкімет • 26 Шілде, 2017

Премьер-Министр Канада елшісімен кездесті

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Стайлмен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Премьер-Министр  Канада елшісімен кездесті

Тараптар кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың көптеген мәселелерін, солардың ішінде, іскерлік серіктестікті одан әрі дамыту, Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесін өткізу, сауда-инвестициялық байланыстарды нығайту мен әртараптандыру, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайту мәсе­ле­лерін талқылады.

Бұдан өзге, визалық режімді жеңілдету, өзара туристер ағынын ұлғайту және қазақстандық балаларды хоккейге үйретудің қазақ­стандық-канадалық қанатқақты бағ­дарламасын іске асыру мәсе­ле­лері талқыланды.