Қазақстан • 26 Шілде, 2017

1414 нөміріне түскен қоңырау саны 2 млн-нан асты

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылдың бірінші жар­ты­жылдығында 1414 нөміріне түскен қоңыраулар саны 2 млн-нан асты. Былтырғы жыл бойынша байланыс орталығына түскен қоңыраулар 3,5 млн-ды құраған болатын. Ал тұтынушылардың қанағаттандыру деңгейі 4,72 деген қанағаттанарлық көр­сет­кішіне жеткен.

1414 нөміріне түскен қоңырау саны 2 млн-нан асты

1414 Бірыңғай байланыс ор­та­лығы 680 мемлекеттік қызмет түрі бойынша анық­тамалық қызмет жасайды. Со­нымен қатар, операторлар міндетті медициналық сақтан­дыру бо­йынша ақпарат бере алады. Бүгінгі күнде орталықта 127 оператор қызмет жасайды. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Олардың жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Жұмыс күндері байланыс орталығының операторы 15 мың қоңырау қабылдайды. 
Бірыңғай байланыс орталығы  бастапқыда қарапайым байланыс орталығы болған. Ал қазіргі уақытта азаматтармен қарым-қа­ты­нас орнатудың қосымша арна­лары бар. Енді мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша азаматтар 1414.kz сай­ты, электрондық пошта және виртуалды онлайн-көмекшілер арқылы хабарласа алады. 

Еліміздің кез келген жерінен және кез келген телефоннан тәу­лік бойы жұмыс істейтін 1414 нө­­міріне хабарласу арқылы мем­ле­кеттік қызметтер бойынша кон­суль­­тация алуға болады. Хабар­ласу тегін.

«Егемен-ақпарат»