Қазақстан • 26 Шілде, 2017

Осындай басшысы бар қазақ халқы бақытты

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы – қазақ хал­қына жол көр­сететін, оны кез кел­ген кедергілерден қор­ғай отырып, Ұлы даланың ру­хани және мәдени құн­­дылығын бағалауға үн­дей­тін кө­реген сая­сат­кердің нұсқаулығы. Қа­зақ елінің басшысы алға қойған тап­сырмалар мен жобаларды орындау Қазақстанның ха­лық­ара­лық аренада одан әрі танымал болуына сеп­тігін тигізеді.

Осындай басшысы бар  қазақ халқы бақытты

Мен қоғамды жаңғырту ең әуелі білім сала­сына көңіл бөлуден бас­талатынына то­лық­тай қосыламын. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған салаға қойған міндеттері қоғамды қалай дамытудың, білім мен тәжірибені ұштастырудың, әлемнің озық университеттеріне жол ашудың жарқын үлгісі. Ал қоршаған ортаны қорғау, Арал теңізін бейберекет қолдануға тыйым салу Қазақстан жаңғыруының басты қадамдарының қатарында. Табиғат – өмір нәрі, онсыз адамзат болмас еді.

Қазақ әліпбиінің латынға ауысуы, қазақ әдебиетін шетелге тарату, қазақ авторларының туындыларын БҰҰ-ның ресми тілдеріне аудару, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жо­ба­сы елді әлемнің біре­гей дамушы мемлекеті ретінде көр­сетудің бір­ден-бір үлгісі. Тарихи жә­діг­ер­лер­ді, мәдени нысандарды және табиғат бай­лығын көркейту елдегі туристік са­ланың дамуына сеп болып, қазақ халқының мақтанышына айналатыны сөзсіз.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен оның халқының жарқын болашағын нақты болжап берді. Ол өркендеуге, өзгеріске, білім саласын дамытуға, мәдениетті, тарих пен қоршаған ортаны қорғауға және ең бастысы, рухани бірлікті сақ­тап қалуға мүдделі. Қазақстан бас­шысының елеулі ойлары мақтауға тұ­рар­лық. Стратегиялық мақсаттары Қазақстанды әлемнің дамыған ел­дері қатарына қосатын осындай кө­ре­ген басшысы бар қазақ халқы өте ба­қытты.

Кассиано ПЕРЕЙРА ВИАНА,
«Pereira Viana Advogados Associados» адвокаттық кеңсесінің директоры, «Бразилия – Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының президенті