ЭКСПО-2017 • 26 Шілде, 2017

Шағын қаланың шарапатты мүмкіндіктері

294 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

ЭКСПО халықаралық көрмесі қалашығында Сингапур Республикасы ұлттық күнін мерекеледі. Павильондарын «Шағын қаланың үлкен мүм­кін­діктері» деп атаған мемлекеттің аумағы Астанамен шамалас қана. Олардың табиғи ресурстары да шектеулі. Сондықтан болар, син­га­пур­лықтар тәуелсіздігін алған жылдардан бастап ба­ламалы энергия көздерін дамытуға ерекше мән бер­ген екен. 

Шағын қаланың шарапатты мүмкіндіктері

Сингапурдың ұлттық мерекесінде кеңінен таныстырылды. ­Павильон ішкі көрі­нісі орман секілді бейнеленген. Өйткені, оның кіреберісінде Синга­пур­дың табиғаты және өзі­не тән ерекшелігімен та­нысуға болады. Бау-бақ­ша­мен көмкерілген аумақ кө­рерменін тропикалық ор­манда жүргендей се­зін­діреді. Алты бөлімнен тұра­тын павильонда син­гапурлықтар балама­лы энергия көздерін пай­­да­ланудағы жаңа тех­но­ло­гия­ларын, инновацияларын барынша көрсетуге тырысқан.

Бұл елде күннен энергия алу ерекше жолға қой­ылған. Ал Қазақ­стан­мен ынты­мақ­тас­тық 1993 жыл­дан бас­та­лады. Содан бері екі ел­дің қарым-қа­тынасы нығая түсуде. Мә­селен, өткен жылы қос та­рап арасындағы алыс-беріс, сауда айналымы 23 млн долларды құраған екен. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда бірнеше есеге көп.

Салтанатты шараның ресми бөлімінде Инвес­ти­циялар және даму вице-министрі Ерлан Хайыров біздің еліміздегі көптеген реформалар Сингапурдың табысты тәжірибесіне негізделетінін жеткізді. Мәселен, «Самұрық-Қа­зына» даму қоры син­га­­­пур­лық «Темасек» үл­­гі­сінде құрыл­ған. «Қа­­зақстан Син­га­пур­­ды Оңтүстік-Шы­ғыс Азиядағы негізгі әріп­­­­тесі деп санайды. Сингапурдың сауда, қаржы және тех­но­­ло­­гиялық орталық ре­тін­­дегі жалпы таныл­ған бе­делін ескерсек, сау­да-экономикалық жә­­не инвестициялық ынты­мақтастықты арт­тыру екіжақты қа­рым-қа­ты­нас­тардың ба­сым­дығы бо­лып қалуда. «Астана» ха­лықаралық қаржы ор­та­лығының құрылуы син­га­пурлық инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер аша­тынына, ал Сингапур азаматтары үшін қол­да­ныстағы визасыз режім бар­лық салалардағы ын­ты­мақтастықты өсі­ру­ге ықпал ететініне се­нім­дімін», деді Ерлан Хайыров.

Сингапур Респуб­ли­касының Сауда, өнер­кә­сіп және ұлттық да­му министрі доктор Ко По Кун мемлекеттің энер­ге­ти­калық қауіпсіздік, эко­номикалық бәсекеге қа­білеттілік және экол­о­гия­лық тұрақтылық бойынша мақсат-тарға қол жеткізу үшін жаңа идеяларды тә­жірибе мен сынақтан өт­кізетінін мәлімдеді. «Ал­дымен Қазақстанды Синга-пур Республикасы аты­нан халықаралық шара­ны сәтті өткізуімен құт­тықтаймын. Көрмеге қа­тысу біз үшін тұрақты энер­гетика саласындағы жұ­мыстарымыз бен инновациямызды көрсетіп, таныстыруға тамаша мүм­кіндік болып табы-ла­ды. Қазақстан ха­лық­аралық шараны өт­кізу арқылы бүкіл әлем­­мен ашық қарым-қа­тынас орнатуға дайын екен­діктерін көрсетті. Син­гапур компанияларын бұл елмен, жалпы Ор­та­лық Азиямен тығыз қа­рым-қа­тынас орнатуға ша­қы­ра­мын», деді министр. 

2009 жылы Синга­пур­дың Ғимараттар құры­лысы жөніндегі агент­ті­г­і өз академия­сы ау­ма­ғындағы құры­лыс­тар­дың бірін өзгертіп, оны Оңтүстік-Шы­ғыс Азия­да­ғы алғашқы энер­го­п­а­с­сивті ғимаратқа ай­нал­­­дырған болатын. Бұл ны­­сан өз қажеттіліктерін өтеу үшін жеткілікті энер­­гия шығарады екен.  Док­тор Ко По Куннің ай­ту­­ынша, уақыт өте келе, же­­тіл­дірілген дизайн мен жа­­ңа технологиялардың арқасында ғимарат жыл сайын энергияны көбірек өндіреді. Мереке барысында қо­­нақтар ауқымды мә­де­ни бағдарламаны тама­ша­лап, Сингапурдың дәс­түрлі билері мен му-зы­касына куә болды.  Сахнада «Jungledelics» му­зыкалық тобы және жиыр­ма биші мен музы­кант өнер көрсетті. Сон­дай-ақ, ұлттық күнді атап өткеннен кейін ресми делегация Қазақстанның «Нұр Әлем» ұлттық пави­льонын және Сингапур па­вильонын аралады.

Екі аптада 500 мың адам келді

ЭКСПО-2017 халық­ара­лық ма­ман­­дандырылған көр­месінің бір жа­рым мил­лионыншы көрермені тір­­келді. 11 шілде күні Ас­тана қа­ласындағы №74 мек­тептің мате­ма­тика пәнінің мұ­ға­лімі шараның мил­­лионын­шы келушісі Гүл­жи­һан Жаңабергенова бол­ғанын ха­барлағанбыз. Ара­ға екі аптадай уақыт салып бұл көрмені та­­машалауға та­ғы 500 000 адам ке­­ліп үлгерген.

 «Өткен аптада ЭКСПО-2017 көр­ме­сіне 285 300 адам келіп, орта есеппен алғанда күніне 40 757 қонақ болған. 10 маусым мен 23 шілде аралығында көрмеге келушілердің жалпы саны 1 484 300 адамды құрады», делінген «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бас­пасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Келушілер ең көп тамаша­ла­ған павильондар қатарын тағы да Африка плазасы бас­тап тұр. Содан кейін Мысыр, Үндістан, Ресей, Түркия павильондары бестікті аяқтайды. Тізім­ді Жа­пония, Сауд Арабиясы Ко­роль­дігі, Өзбекстан, Тайланд және Түрік­менстан павильондары жал­ғайды.

Көрме кешенінің ең көп тамашаланатын нысандарының көш басында «Нұр Әлем» тұр. Екінші – коммерциялық павильондар, үшінші – «Шелл» балалар лабораториясы, төртінші – балалар саябағы, бесінші – тақырыптық С3.5, алтыншы – «Дю Солей циркі», жетінші – тақырыптық С2.4 павильоны, сегізінші – амфитеатр, тоғызыншы – шығармашылық энергия аймағы, оныншы – үздік тәжірибелер аймағы.

«Нұр әлемде» оқу-жаттығу шарасы өтті

Құтқарушылар және елордалық төтенше жағдайлар департаментінің инженерлік-инспекторлық құрамы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көр­ме­сінің «Нұр Әлем» павильонында өрт-тактикалық оқу-жат­тығуын өткізді. Шараның шартына сәйкес, эле­ктр сым­дарының қысқа тұйықталуынан фото­са­лонның 30 шар­шы метр аумағын «өрт» шалды.  

«Нұр Әлем» павиль­оны­ның аумағында автоматты өрт дабылының құрылғысы іске қосылып, шақыру орнына бірнеше минуттан кейін бө­лімшенің кезекші ауысы­мы келді. Құтқарушылар ба­р­­­лық эвакуациялық шығу жол­дарын ашып, ғимараттан 255 адамды эвакуациялады. Ма­мандардың мәліметінше, оқу-жаттығу барысында арнайы штаб құрылған.

Қазақстандық «Нұр Әлем» павильоны ЭКСПО ке­ше­нінің дәл орталығында ор­наласқан. Бұл диаметрі – 80 метр, биіктігі – 100 метр, аумағы 5000 шаршы метр­ді құрайтын сфера. Оның айналасында 14 ғи­ма­рат орналасқан, бұлар – ха­лы­қ­аралық павильондар.

Оқу-жаттығудың мақсаты – адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуация­лау әдісі мен тәсілдерін, оған қоса осындай бірегей ғи­ма­раттарда өртті сөндіруді пы­сықтау. Сонымен қатар, тө­тенше жағдайлар кезінде бас­қару сапасын көтеруге бағытталған жаттығуларды өткізу болып табылады.

Оқу-жаттығуға 9 бір­лік техника мен жеке құ­рамның 31 маманы жұмыл­ды­рылды. Сондай-ақ, шара­ға өзара біріге жұмыс істей­тін Орталық аймақтық аэро­мо­бильді жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы ор­та­лығы қызметкерлері қа­тысты.

Кунг-фу қойылымын ұсынады

11-13 тамыз аралығында елордаға кунг-фу жауынгерлері ке­леді. Астана қаласы мәдениет, мұрағаттар және құ­жат­та­ма басқармасының хабарлауынша, олар көрер­мен­­дер назарына «Kungfu revelations. 9 Scrolls» (Кунг-фу сы­ры) қой­ылымын ұсынады.   

Шоу барысында артистизм элементтерімен аралас дәстүрлі қытайлық жекпе-жектер көрсетіледі. Бұл ежелгі қоян-қолтық ұрыстың мүлдем жаңа бір түрі. Баурап аларлық қойылым көрермендерді дәстүрлі Қытай мәдениетімен таныстырады. Жауынгерлердің айқын әрі үйлестірілген айла-әрекеттері медитативті  медитативті практикалармен үйлесім­ділікте жақсы энергетика мен ерекше сезімге баурайды. 

Шараны ұйым­дас­ты­ру­шылардың айтуынша, «Kungfu revelations» – жанға жай­лы жақсы терапия әрі дема­лыс сыйлайды. Өйткені, шоу­ға қатысушылардың іс-әре­кеттерін бақылаған кезде адам­ның денесі босаңсып, ол өзінің жаны мен тәнінің жаңа қырларын тани бастайды. Бұл шоудың әлемде теңдесі жоқ. 

«Kungfu revelations» Шан­хай­да өткен ЭКСПО-2010 көр­месінің ең таңдаулы кө­ріністерінің бі­рі болған жә­не төрткүл дү­ние­де ке­ңінен танымал. «Астана» кон­церт залында өтетін шоу­дың билеттерінің кұны – 700 теңгеден 2000 теңгеге дейін. Билеттерді «www.koncertyastany.kz» сайтынан сатып алуға болады. 

Топтаманы әзірлеген

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Орынбай Балмұрат,
«Егемен Қазақстан»