![«Нұрлы жер» бағдарламасының игілігін көрмек](/article_photo/1501041042_article_b.jpeg)
– Ішкі кварталдық 250 шақырымға созылатын жүйені тартып, оған 14 үйді қосу үшін бір апта уақыт жібердік, – деді «Нұр Отан» партиясы бойынша қалалық мәслихат депутаты Мәрлен Көкірекбаев. – Халық сұрап келген соң, біз қала әкімімен, су құбырын тартушылар және кәсіпкерлермен бірге жұмыс жасадық. Қарапайым тұрғындардың өтінішін далаға тастамай, құбырларды тіпті үйіне, ауласына кіргізіп бердік. Және тек бұл көше ғана емес, маңайдағы тұрғындар да су тартып алуларына болады.
Тұрғындармен кездесу барысында қала әкімі Ермак Сәлімов судан басқа да олардың өтініштерін тыңдады.
Қала әкімінің айтуынша, алдағы уақытта бұл ауданда балалар алаңы да салынатын болады. Және тұрғындар ескі үйлерінен көшіп, жаңа баспана алуға мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қол жеткізе алады. Осы бағдарлама арқылы шет қалған аудандар жаңғырып, халық көп қоныстанатын мекенге айналмақ. Бір сөзбен айтқанда, «Нұрлы жер» арқылы Семейде құрылыс қарқын алатын болады.
Раушан НҰҒМАНБЕК