Қазақстан • 26 Шілде, 2017

Қарлығаштың ұясы

6037 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таңертеңнен төмендегі қабаттан лифтімен ертелеп бесінші қабатқа жұмыс кабинетіне көтерілсем, дәлізде қос қарлығаштың жайсыз алаңдаған дауыстары естіледі.

Қарлығаштың ұясы

Әшейінде үнсіз ғана ұшқан-ұшпағаны белгісіз көрінетін қарлығаштың көмек сұрағандай болған жалынышты үндері естіледі. Басқа құстардан бір ерекшелігі – жемін ұшып жүріп ұстайды, суды да ұшып жүріп ішеді. Қанаты ұзын, жіңішке, құйрығы екі айыр екендігін білеміз. Ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр болып келеді. Арктика мен Антарктикадан бастап, Қазақстанда 4 туысқа жататын 5 түрі кездеседі. Қарлығаштардың бәрі жыл құстары. Біздің білетініміз, бұл құстар жылына бір рет қыста түлейді. Екінші жылы ұрпақ береді. Екі-екіден, кейде топтанып шыңға, тік жартасқа, құрылысқа кейде ағашқа жапсыра топырақ пен сазды сілекейімен араластырып ұя салады, балапандарына ыңғайлы болуы үшін ішіне майда шөп пен қауырсын және мамық төсейді.

506-бөлменің есігі ашық тұр. Кезекші қыз кабинетті тазалап жатыр екен. Терезенің желдеткішінің үстіне ұя салған бейқам құстар екен ғой. «Егемен Қазақстанның» тілшілер қосынының шаңырағына ұя салған қарлығаштар ертемен безектеп қызыл шақа балапан­дарын қорғап жүр. Алдағы жазда аман­дық болса құстар үш қарлығашқа көбейеді. Бұл жақсылықтың нышаны шығар. Біз соған жорыдық.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ