Сағат 18.00-ден «Астана Арена» спорт кешеніне жанкүйерлерді жеткізу үшін 4 жерден арнайы автобустар ұйымдастырылады. Арнайы автобуспен жету үшін «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, Астаналық цирк және «Жастар» сарайының алдына бару қажет. Жол ақысы – 90 теңге, жол жүру билеті жарамсыз.
Ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сағат 21.00-ден Қабанбай батыр даңғылы бойынша стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Астана Арена» стадионының тұрақ алаңына қалалық таксидің ресми тасымалдаушылары келетін болады.