«А» тобында сынға түсіп жатқан отандастарымыз соңғы топтық кезеңінің соғы ойынында Сауд Арабиясымен сынға түсіп, қарсыластарын 3:0 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Жалпы Қазақстан құрамасы қатарынан үш жеңіске қол жеткізіп, 7 ұпай еншіледі. Сондай-ақ, ширек финалға Қазақстан құрамасынан бөлек, тағы Оңтүстік Корея, Жапония, Иран, Қытайлық Тайпей және Қытай құрамалары жолдама алды.
Ширек финалға шыққан сегізінші құрама Индонезия - Қатар арасындағы матчтан кейін анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы турнирдің бірінші матчында партия бойынша 2:0 есебімен Катар командасын ұтса, екінші ойында алаң иелері Индонезиямен кездесіп, қарсыластарын 3:2 есебімен жеңген болатын.