Қазақстан • 26 Шілде, 2017

Астанада бүркітші спортынан чемпионат өтті

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылы 22 шілде күні Софиевка ауылында ұлттық спорт түрі бүркітшіден Астана қаласының Чемпионаты өтті. Жарысқа ересектер және жасөспірімдер арасында барлығы 14 бүркітші қатысты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада бүркітші спортынан чемпионат өтті

Ересектер арасында бірінші орынға Байдолда Серікбол ие болды, екінші орын иегері Тоқтыбақ Жайдарбек атанды және Хабай Жақсыбек жарыстың қола жүлдегері болды. Жасөспірімдер арасында: Серікбек Ерасыл жарыс жеңімпазы атанды, екінші орынды Күнтуған Диас иеленді және Арманбек Аяжан қола жүлдені жеңіп алды.